Республикалық бюджет қаражатының есебiнен адвокаттардың еңбегiне ақы төлеудiң ережесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 21 қыркүйек N 1361

      Қазақ ССР Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң 23-бабына (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1959 ж., N 22-23, 178-құжат) және Қазақ ССР адвокатурасы туралы ереженiң 23-бабына (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1980 ж., N 48, 188-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.25. N 1247
               қаулысымен. P991247_
 
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Республикалық бюджет есебiнен адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу

 

тәртiбi туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 25

қарашадағы N 728 қаулысы;

     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң салық салу мәселелерi жөнiндегi

кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және кейбiреуiнiң күшi жойылған

деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995

жылғы 2 тамыздағы N 1069 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң салық салу мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн

өзгертулердiң 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 27,

320-құжат).


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                      1997 жылғы 21 қыркүйектегi

                                          N 1361 қаулысымен

                                           бекiтiлген


               Республикалық бюджет қаражатының есебiнен адвокаттардың

                               еңбегiне ақы төлеудiң

                                  ЕРЕЖЕСI



 
       1. Қазақ ССР Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң 23-бабына және Қазақ ССР адвокатурасы туралы ереженiң 23-бабына сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға заңдық көмек көрсеткенi үшiн адвокаттарға еңбекақы төлеу (заң консультациясының меңгерушiлерiне немесе адвокаттық кеңсенiң иелерiне азаматтарды ақы төлеуден босатқан жағдайлардан басқасында) iс жүргiзiп отырған жауап алу органының, тергеушiнiң қаулысы немесе сот ұйғарымының негiзiнде жүргiзiледi.
      2. Жауап алу органының немесе тергеушiнiң республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен адвокаттарға еңбекақы төлеу туралы қаулысы адвокат нақты тапсырманы орындағаннан кейiн дереу, ал тапсырма орындау мерзiмi бiр айдан асып кеткен жағдайда - ай сайын шығарылады.
      3. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен адвокаттың еңбегiне ақы төлеу туралы сот ұйғарымы үкiм қаулысымен не iстiң қосымша тергеуге жiберiлуiмен, iс жүргiзудiң тоқтатылуымен бiр мезгiлде шығарылады.
      Сот тексеруiнiң мерзiмi бiр айдан ұзап кеткен жағдайда, аталған ұйғарым ай сайын шығарылады.
      4. Қаулының немесе ұйғарымның бiр данасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-iне дейiн қаулыда немесе ұйғарымда көрсетiлген соманы облыстық (Алматы қалалық) адвокаттар алқасының есеп айырысу шотына аудару үшiн аумақтық әдiлет органының бухгалтериясына, ал екiншi данасы - мәлiмет үшiн адвокаттардың тиiстi алқасына жiберiледi.
      5. Адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды республикалық бюджеттiң қаражаты есебiне жатқызу туралы қаулыда немесе ұйғарымда тапсырманы орындаған адвокаттың тегi, аты, әкесiнiң аты, жауап алу, тергеу органының және соттың атауы (тергеушiнiң аты-жөнi), iстiң нөмiрi, күдiк келтiрiлген адамның, айыпкердiң, сотталушының тегi және инициалдары адвокаттың iс материалдарын зерделеуге, алдын-ала тергеу мен сот процесiне қатысуға және сот отырысының хаттамаларын зерделеуге нақты жiберген күндерiнiң саны адвокатқа төленуге тиiс ақша сомасы, сондай-ақ ол құрамында тұрған тиiстi адвокаттар алқасының толық атауы мен банк реквизиттерi көрсетiледi.
      6. Iстi қарауға адвокат қатысқан бiр күнгi еңбекке төленетiн ақының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленетiн ең төменгi айлық жалақысының 1/3 мөлшерiнде белгiленедi.
      Сот отырыстарындағы үзiлiстер уақыты үшiн адвокатқа ақы төлеу, егер адвокат бұл уақытта басқа iстердi қарауға қатыспаса, сот процесiне қатысқан бiр күн үшiн көзделген ақының 50 процентi мөлшерiнде жүргiзiледi.
      Өндiрiстiк емес салалардағы қызметкерлердiң еңбегiне аудандық коэффициенттер мен үстемеақылар белгiленген жерлерде заңдық көмек үшiн төленетiн еңбекақының мөлшерiн белгiлегенде, заңдық көмекке төленетiн ақы тиiстi мөлшерлерде өсiрiледi.
      Жауап алу органының және тергеушiнiң қаулыларына немесе сот ұйғарымына сәйкес адвокаттың басқа жерге жолға шығуына байланысты iс-сапар шығыстарына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорындарының және ұйымдарының қызметкерлерi үшiн көзделген нормалар бойынша, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ақы төленуге тиiс.
      7. Аумақтық әдiлет органының бухгалтериясы қаулы немесе ұйғарым түскен күннен бастап, он күн мерзiмде облыс бойынша адвокаттарға төленуге тиiстi қажеттi қаражат сомасы туралы өтiнiм құрастырады және келесi айдың 20-күнiне дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттардың еңбегiне ақы төлеуге байланысты шығыстар туралы жиынтық өтiнiмдi ұсынады, ол келесi айдың 25-iнен кешiктiрмей жиынтық өтiнiмдi республика бойынша бюджеттiк жiктеменiң тиiстi коды бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiбередi.
      8. Қаржы министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен жиынтық өтiнiм алған кезде онда көрсетiлген сомаларды N 1 нысандағы қазынашылық рұқсаттармен Әдiлет министрлiгiнiң белгiленген шығыстар сметасының негiзiнде ай сайын бөлiп отырады, Әдiлет министрлiгi N 2 нысандағы өз рұқсатымен бюджет қаражатын жұмсау лимиттерiн аумақтық әдiлет органдарына жеткiзедi.
      9. Аумақтық әдiлет органының бухгалтериясы жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға қаражат түскен күннен бастап, 7 күн мерзiмде қаулыда немесе ұйғарымда көрсетiлген сомаларды қаржы құжаттарында адвокаттың фамилиясын көрсете отырып облыстық (Алматы қалалық) адвокаттар алқасының есеп айырысу шотына аударады.
      Артық төленген сома анықталған жағдайда, соңғысы аумақтық әдiлет органының бухгалтериясына қайтарылуға жатады.
      Ағымдағы қаржылық жылда адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу кезiнде артық төленген қаражаттың, осы жылда түскен қайтару сомасы тиiстi ерекшемелер жөнiндегi кассалық шығыстарды қалпына келтiруге есептеледi.
      Өткен қаржылық жылдарда адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу кезiнде артық төленген қаражаттың, ағымдағы жылда түскен қайтару сомасы республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептелуге тиiс.
      10. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу шығыстарын өтеу жөнiндегi мiндеттер сотталған адамға жүктелген жағдайларда, оның болатын жерi бойынша төлеттiру үшiн аумақтық әдiлет органдарына бұл жөнiнде хабарлай отырып, сот атқару парағын бередi. Жекелеген жағдайларда, материалдық жағдайы мен өзге де ерекше жағдайларына қарай отырып, сотталған адамдарды сот бұл мiндеттемелерден босата алады.
      11. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды сотталған адамнан өндiрiп алу жөнiндегi құжаттардың атқарылуына бақылауды аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.
 

О порядке оплаты труда адвокатов за счет средств республиканского бюджета

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 1997 г. N 1361

      В соответствии со статьей 23 Уголовно-процессуального кодекса Казахской ССР (Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, 1959 г., N 22-23, ст. 178) и статьей 23 Положения об адвокатуре Казахской ССР (Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, 1980 г., N 48, ст. 188) Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. (Пункт 1 утратил силу - постановлением Правительства РК от 26 августа 1999 г. N 1247 P991247_ )
      2. Признать утратившими силу:
      постановление Кабинета Министров Казахской ССР от 25 ноября 1991 г. N 728 P910728_ "О порядке оплаты труда адвокатов за счет республиканского бюджета";
      пункт 2 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам налогообложения, утвержденных постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 августа 1995 г. N 1069 "О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан по вопросам налогообложения" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 27, ст. 320).
 

     Премьер-Министр

   Республики Казахстан