1. Жобаны қаржыландыруға бағытталған 77 000 000 (жетпiс жетi миллион) АҚШ доллары сомасындағы қаражатты қосымшаға сәйкес бөлу бекiтiлсiн.
2. Осы Жобаны қаржыландыруға бағытталған қаражатты түпкi қарызға алушы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi болып табылады, оған бөлiнген қаражатты мақсатты және тиiмдi пайдалану, сондай-ақ республикалық Жол қоры қаражатынан негiзгi борышты, проценттер мен iлеспе төлемдердi өтеу жауапкершiлiгi жүктеледi деп белгiленсiн.
3. Азия Даму Банкi қарызының қаражатынан қаржыландырылатын осы Жоба бойынша берiлетiн тауарлар, орындалатын жұмыстар мен қызмет көрсетулер "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қарыз туралы (Кәдiмгi операциялар) (Жолды қалпына келтiру жобасы) келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңымен бекiтiлген қарыз туралы келiсiмге сәйкес, қосылған құнға төленетiн салық пен кеден төлемдерiн төлеуден босатылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Азия Даму Банкiнiң қарызы бойынша негiзгi борыштың, проценттер мен iлеспе төлемдердiң уақтылы өтелуiне бақылауды жүзеге асырсын;
1997 жылға арналған республикалық бюджетте Жобаны қоса қаржыландыруға көзделген қаражаттың Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне қайтарымды негiзде уақтылы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен сыртқы қарыздың қаражатын және 1997 жылы Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен берiлген қаражатты қайтару жөнiнде келiсiм жасассын.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
осы жобаны, 1998 жылдан бастап және одан кейiнгi жылдары Азия Даму Банкiмен келiсiлген Жобаны жүзеге асыру кестесiне сәйкес көлемдерде, республикалық Жол қорының қаржысы есебiнен қоса қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
Осы Жобаның жүзеге асырылуын үйлестiру мен бақылау жасауды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетiне Жобаның жүзеге асырылу барысы туралы, жасалған жұмыстың тиiмдiлiгiне баға бере отырып, ай сайын есеп
тапсырсын. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетi осы Жобаның жүзеге асырылуын жалпы үйлестiрудi және Азия Даму Банкiнiң ережелерiне және рәсiмдерiне сәйкес тауарлар сатып алу, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1364 қаулысына қосымша ______________________________________________________________________ р/с | Санаты | АДБ тарапынан| Қазақстан Республикасы N | | қаржыландыру,| тарапынан қаржыландыру, | |АҚШ долларымен| АҚШ долларымен | | |____________________________ | | |республикалық |республикалық | | |бюджеттен |Жол қорынан ______________________________________________________________________ 1 Жол-құрылыс жұмыстары 28 800 000 4 050 000 5 150 000 2 Жолды ұстау және жабдықтау 8 900 000 - 13 500 000 3 Консультациялық қызмет көрсетулер 4 800 000 - 300 000 4 Күтпеген шығыстар 7 500 000 - 4 000 000 ЖИЫНЫ 50 000 000 4 050 000 22 950 000