"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Коммуналдық қызметтiң халыққа арналған тарифтерiн белгiлеудiң мынадай тәртiбi енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi - табиғи монополияшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енген, коммуналдық меншiкке жататын кәсiпорындардың қызмет көрсетулерiне тарифтердi;
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң аймақтық органдарының келiсiмi бойынша, жергiлiктi өкiлеттi органдары белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi - табиғи монополияшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енген ұйымдар (мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерi болып табылмайтын) көрсететiн қызметтерге тарифтердi Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң аумақтық органдары белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi - табиғи монополияшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлмеген, коммуналдық меншiкке жатпайтын ұйымдар көрсететiн қызметтерге тарифтер - қызмет көрсететiн ұйым және тұрғын үй меншiк иелерiмен немесе олардың бiрлестiгi арасында жасасылған шарттар бойынша айқындалады. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес монополияшылар деп танылған, коммуналдық қызметтер көрсететiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметтерiн реттеу - монополияға қарсы заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Коммуналдық қызмет көрсетулерге арналған тарифтерге өзгерту, тоқсанына 1 реттен жиi емес, тоқсан басында 1-шi күннен бастап жүргiзiледi;
коммуналдық қызмет көрсетулерге арналған тарифтердi қайта қараған кезде оның ұсынылатын деңгейiмен бұқараны таныстырады және тариф қолданысқа енгiзiлместен 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады;
тұрғын үй меншiк иелерiнен алынатын коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төлемақы мөлшерi бекiтiлген тарифтер мен есептегiш құралдардың көрсеткiштерi бойынша, оларды нақты тұтынуына орай, ал есептегiш құралдары болмаған жағдайларда - қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес белгiленген, тұтыну нормаларына қарай айқындалады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы