Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1268 P971268_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
2-тармақтағы "402" деген сан "409" деген санмен ауыстырылсын.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi 520 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 151-құжат).
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы