"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес және Астана қаласына көшiрiлетiн жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн орналастыруға арналған мемлекеттiк тұрғын үй қорын ұстау және пайдалану мәселелерiн шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Астана қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердiң тапсырыс иесi болып табылатын жоғары және орталық мемлекеттiк органдар жаңадан салынған мемлекеттiк тұрғын үйлердi Астана қаласының әкiмiне берсiн.
1-1. "Қазақстан Республикасы
Президенті Іс Басқармасының
, тұрғын үй құрылысының тапсырысшысы ретінде сатудан түскен қаражатты міндетті түрде "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорының шотына аудара отырып, кейін белгіленген тәртіппен жеке адамдар мен заңды тұлғаларға баланстық құнынан кем болмайтын бағамен сату үшін жаңадан салынған мемлекеттік тұрғын үйдің 10%-не дейінін өз балансында қалдыру туралы ұсынысына келісім берілсін.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.11.25.
N 1197
қаулысымен.
2. Астана қаласының әкiмi бұдан әрi пайдалану және ұстау үшiн жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк тұрғын үйiн балансына қабылдасын.
3. Жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне тұрғын үйдi беру және бөлу туралы шешiмдi тұрғын үйге тапсырыс берушi қабылдайды деп белгiленсiн. 4. Астана қаласының әкiмi Астана қаласының 1998 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған бюджетiн жасау кезiнде осы қаулының 1-тармағына сәйкес берiлген мемлекеттiк тұрғын үйдi ұстау мен пайдалануға қажеттi қаражат көздесiн. 5. Астана қаласының әкiмi осы қаулының орындалуын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi