Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкiметтерiнiң арасындағы 1997 жылғы 14 наурыздағы Ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiк құру туралы келiсiмнiң 5 бабын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi Қосынов Алмас - Қазақстан Республикасының Олжабайұлы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Нормативтiк- құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық департаментiнiң директоры
Қазақстан Республикасынан ғылыми технологиялық даму жөнiндегi үйлестiру Кеңесiне өкiлеттi өкiлдер болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi