"Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның еншiлес кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1603

      Республиканың темiр жол көлiгiн басқару құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын - Семей темiр жолы мен еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын - Алматы темiр жолын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын - "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Алматы темiр жолына қосу арқылы қайта ұйымдастыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


О реорганизации дочерних предприятий Республиканского государственного предприятия "Казакстан темiр жолы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 1997 г. N 1603

      В целях оптимизации структуры управления железнодорожным транспортом республики Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Согласиться с предложением Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан о реорганизации путем слияния дочернего государственного предприятия - Семейской железной дороги и дочернего государственного предприятия - Алматинской железной дороги в дочернее государственное предприятие - Алматинскую железную дорогу Республиканского государственного предприятия "Казакстан темiр жолы".
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан