Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қоры туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 1839. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.08. N 1209 қаулысымен

     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 тамыздағы N 1229  қаулысын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру, жүргiзу және пайдалану туралы ереже бекiтiлсiн.  

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
 Үкiметiнiң              
 1997 жылғы 26 желтоқсандағы      
 N 1839 қаулысымен          
бекiтiлген              

          Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар
         қорын қалыптастыру, жүргiзу және пайдалану туралы
                           ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.09. N  1227  қаулысымен.    

                      1. Жалпы ережелер

       1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қоры (бұдан әрi - Мемлекеттiк стандарттар қоры) көп мәрте қолдану үшiн белгiленген нормалары, өнiмге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қатысты ережелер мен сипаттамалары бар стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi құжаттардың жиынтығын бiлдiредi. 
      2. Мемлекеттiк стандарттар қоры Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Мемстандарт), оның ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарының, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктiң мемлекеттiк нысанындағы заңды тұлғалардың стандарттар қорларының базасында қалыптастырылады. 
      3. Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастырудың және дамытудың басты мақсаты республиканың жалпы ұлттық мүдделердi ескере отырып өзара тиiмдi негiзде Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыруға қатысатын барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қорына жалпы басшылық жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне жүктеледi. 

 

                2. Мемлекеттiк стандарттар қорын жүргiзу 

 
      5. Мемлекеттiк стандарттар қорын: 
      Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны мен Мемстандарттың мемлекеттiк кәсiпорындары; 
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандандырылған қорлары; 
      Қазақ республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасы жүргiзедi. 
      6. Мемлекеттiк стандарттар қоры жұмыс iстеуi мақсатында: 
      ҚазСтИн-на: 
      нормативтiк құжаттарды жинақтау, жүргiзу, есепке алу және сақтау; 
      нормативтiк құжаттар бойынша анықтамалық-библиографиялық деректер базасын жүргiзу; 
      Қазақстанның Бүкiлдүниежүзiлiк сауда ұйымының шеңберiнде БСҰ-ға мүше елдердi стандарттарға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бөлiгiндегi мiндеттемелерiн орындау; 
      Қазақстан Республикасының, ТМД елдерiнiң ақпараттық органдарымен және қорларымен, шетелдердiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық және европалық ұйымдармен өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жүргiзу; 
      Мемлекеттiк стандарттар қорына кiретiн стандарттар қорларының қызметiне талдау жасау және оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс дайындау; 
      пайдаланушыларды стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы қолданылып жүрген құжаттар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету функциялары жүктеледi; 
      стандарттау, сертификаттау және сапа жүйелерi саласындағы iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулерге, оның iшiнде, нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен жетiлдiруге, мамандарды қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруға қатысу. <*> 
      Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандандырылған қорларына: 
      қызметiнiң бекiтiлген бағыттарына сәйкес стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жинақтау, есепке алу, жүргiзу және сақтау; 
      ҚазСтИн-мен өзара iс-қимыл жасау, оған құжаттар туралы анықтамалық және библиографиялық ақпараттар мен нормативтiк құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну; 
      пайдаланушыларды жүйеде әзiрленген құжаттар туралы ақпараттармен және олардың көшiрмелерiмен қамтамасыз ету функциялары жүктеледi. 
      Қазақ республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасына: 
      стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жинақтау, есепке алу, жүргiзу және сақтау; 
      ҚазСтИн-мен өзара iс-қимыл жасау, оған құжаттар туралы анықтамалық және библиографиялық ақпараттар және құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну; 
      пайдаланушыларды республиканың мүдделi құрылымдары мен азаматтарының нормативтiк құжаттарымен ақпараттық қамтамасыз ету функциялары жүктеледi. 
      7. ҚазСтИн Мемлекеттiк стандарттар қорының Қазақстан Республикасында стандарттар қорын жүргiзудi жүзеге асыратын субъектiлердiң арасында үйлестiрушi органы болып табылады. 
      8. Мемлекеттiк стандарттар қорының жұмыс iстеу принциптерiн айқындау және оның қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу үшiн Мемстандарт Мемлекеттiк стандарттар қорының кеңесiн құрады. 

 

             3. Мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру 
                            және пайдалану 

 
      9. Мемлекеттiк стандарттар қоры стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы құжаттар мен басылымдардың мынадай түрлерiн: 
      Қазақстан Республикасының заң және нормативтiк құқықтық актiлерiн, мемлекеттiк тiзiлiмдердi, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ережелер мен ұсынымдарды; 
      стандарттар мен нормативтiк құжаттардың көрсеткiштерiн; 
      мемлекеттiк және мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттарды жiктегiштердi, халықаралық, аймақтық, европалық стандарттарды, шетелдiк елдердiң ұлттық стандарттарын, өнiм мен қызмет көрсетуге арналған техникалық шарттарды;
      стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы халықаралық шарттарды;
      фармакопиялық баптарды;
      құрылыс нормалары мен ережелерiн;
      электр қондырғыларын орнатудың ережелерiн (ЭОЕ);
      санитарлық нормалар мен ережелердi;
      медициналық-биологиялық талаптарды;
      малдәрiгерлiгi ережелерiн;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдар стандарттары қорларының құжаттары туралы библиографиялық және басқа да ақпараттарды; 
      стандарттау, метрология және сертификаттау және өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң сапасын басқару саласындағы мерзiмдiк басылымдарды қалыптастырады. 
      10. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стандарттар қоры өз құзыреттерiнiң шегiнде өздерi немесе олардың ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелерi әзiрлеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi құжаттармен, сондай-ақ осы органдардың айқындауы бойынша басқа да құжаттармен қосымша жинақталады. 
      11. Мемлекеттiк стандарттар қорының пайдаланушылармен өзара iс-қимылы шарттық негiзде жүзеге асырылады. 

О Государственном фонде стандартов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 1997 г. N 1839. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 8 декабря 2005 года N 1209 (P051209)

      Во исполнение постановления Правительства Республики Казахстан от 7 августа 1997 г. N 1229  P971229_  "О концепции формирования и развития Государственного фонда стандартов Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      Утвердить прилагаемое Положение о формировании, ведении и пользовании Государственным фондом стандартов Республики Казахстан. 

      Премьер-Министр
  Республики Казахстан

                                       Утверждено
                               постановлением Правительства
                                   Республики Казахстан
                               от 26 декабря 1997 г. N 1839

 
                          ПОЛОЖЕНИЕ 
   о формировании, ведении и пользовании Государственным 
           фондом стандартов Республики Казахстан  <*> 

      Сноска. В тексте Положения слова, "Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан" заменены словами "Министерство энергетики индустрии и торговли Республики Казахстан"; 
      слова, "Государственным информационным центром стандартов и стандартных образцов (ГИЦССО)" заменены словами "Республиканским государственным предприятием "Казахстанский институт стандартизации и сертификации (КазИнСт)"; 
      слова "ГИЦССО" заменены словами "КазИнСт" - постановлением Правительства РК от 9 августа 2000 г. N 1227  P001227_  . 

 
                           1. Общие положения 

 
      1. Государственный фонд стандартов Республики Казахстан (далее Государственный фонд стандартов) представляет собой совокупность документов по стандартизации, метрологии и сертификации, содержащих установленные для многократного применения нормы, правила и характеристики касающиеся продукции, работ и услуг. 
      2. Государственный фонд стандартов формируется на базе фондов стандартов Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства энергетики индустрии и торговли Республики Казахстан (далее - Госстандарт), его подведомственных предприятий, министерств, государственных комитетов, иных центральных и местных исполнительных органов, юридических лиц с государственной формой собственности. 
      3. Главной целью формирования и развития Государственного фонда стандартов является обеспечение взаимодействия всех структурных подразделений республики, участвующих в формировании Государственного фонда стандартов на взаимовыгодной основе с учетом общенациональных интересов. 
      4. Общее руководство Государственным фондом стандартов Республики Казахстан возложить на Комитет по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства энергетики индустрии и торговли Республики Казахстан. 

 
              2. Ведение государственного фонда стандартов 

 
      5. Государственный фонд стандартов ведется: Республиканским государственным предприятием "Казахстанский институт стандартизации и сертификации (КазИнСт)" и государственными предприятиями Госстандарта; 
      специализированные фонды министерств, государственных комитетов, иных центральных и местных исполнительных органов; 
      Казахской республиканской научно-технической библиотекой. 
      6. В целях функционирования Государственного фонда стандартов возлагаются следующие функции на: 
      КазИнСт: 
      комплектование, ведение, учет и хранение нормативных документов; 
      ведение справочно-библиографической базы данных по нормативным документам; 
      выполнение обязательств Казахстана в рамках Всемирной торговой организации в части информационного обеспечения стран-членов ВТО по вопросам, касающимся стандартов; 
      взаимодействие с информационными органами и фондами Республики Казахстан, государств СНГ, международными и европейскими организациями по стандартизации, метрологии и сертификации зарубежных стран по вопросам, входящим в его компетенцию; 
      анализ деятельности фондов стандартов, входящих в Государственный фонд стандартов, и подготовка предложений по их совершенствованию; 
      обеспечение пользователей информацией о действующих документах в области стандартизации, метрологии и сертификации; 
      участие в фундаментальных и прикладных научных исследованиях в области стандартизации, сертификации и систем качества, в том числе разработке и совершенствовании нормативных документов, а также в подготовке и повышении квалификации кадров. 
      Специализированные фонды министерств, государственных комитетов, иных центральных и местных исполнительных органов: 
      комплектование, учет, ведение и хранение стандартов и других нормативных документов, согласно закрепленным направлениям деятельности; 
      взаимодействие с КазИнСт, предоставления ему справочной и библиографической информации о документах и копии нормативных документов; 
      обеспечение пользователей информацией о документах и их копий, разрабатываемых в системе; 
      Казахскую республиканскую научно-техническую библиотеку: 
      комплектование, учет, ведение и хранение стандартов и других нормативных документов; 
      взаимодействие с КазИнСт, предоставление ему справочной и 

 

библиографической информации о документах и их копии;

     информационное обеспечение пользователей нормативными документами

заинтересованных структур и граждан республики.

     Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства 

РК от 9 августа 2000 г. N 1227   P001227_  .

     7. Координирующим органом Государственного фонда стандартов между

субъектами, осуществляющими ведение фонда стандартов в Республике

Казахстан является КазИнСт.

     8. Для определения принципов функционирования государственного

фонда стандартов и выработки рекомендаций по совершенствованию его

деятельности Госстандарт создает Совет Государственного фонда

стандартов.

             3. Формирование и пользование государственным
                           фондом стандартов
 
     9. Государственный фонд стандартов формирует следующие виды документов и изданий в области стандартизации, метрологии и сертификации: 
     законодательные и нормативные правовые акты Республики Казахстан, государственные реестры, правила и рекомендации в области стандартизации, метрологии и сертификации;
     указатели стандартов и нормативных документов;

     государственные и межгосударственные стандарты, классификаторы

технико-экономической информации, международные, региональные,

европейские стандарты, национальные стандарты зарубежных стран,

технические условия на продукцию и услуги;

     международные договора в области стандартизации, метрологии и

сертификации;

     фармакопейные статьи;

     строительные нормы и правила;

     правила устройства электроустановок (ПУЭ);

     санитарные нормы и правила;

     медико-биологические требования;

     ветеринарные правила;

 
      библиографическую и другую информацию о документах фондов стандартов центральных и местных исполнительных органов; 
      периодические издания в области стандартизации, метрологии и сертификации и управления качеством продукции и услуг. 
      10. Фонды стандартов министерств, государственных комитетов, иных центральных и местных исполнительных органов дополнительно комплектуются документами по стандартизации, метрологии и сертификации, разработанными ими или их подведомственными подразделениями, в пределах своей компетенции, а также другими документами по определению этих органов. 
      11. Взаимодействие государственного фонда стандартов с пользователями осуществляется на договорной основе.