1. Қазақстан Республикасының 1998 жылға арналған республикалық бюджетi 1-шi қосымшаға сәйкес: кiрiстерi бойынша - 196503609 мың теңге, шығыстары бойынша - 281334379 мың теңге, таза несие бойынша - 33231936 мың теңге, республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi бойынша - 110607506 мың теңге немесе жиынтық iшкi өнiм бойынша 5,5 процентi болып атқарылуға қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 1998 жылдың 10 қаңтарына дейiн қаржыларды айларға байланысты бөлу жөнiнде белгiленген үлгi бойынша ұсыныс тапсырсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылдың 7 қаңтарына Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарына, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға инвестициялық жобаларға және зейнетақыларды төлеу жөнiндегi трансферттерге арналған қаржылардан басқа, республикалық бюджеттiң қаражатынан жұмсалатын шығындардың барлық түрлерiнiң тоқсандық лимиттерiн жеткiзсiн.
4. "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы почта байланысы республикалық, мемлекеттiк кәсiпорындарын, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне арналған заңды тұлғалардан табыс салығын алу жөнiндегi есептердiң орталықтандырылған тәртiбi сақталсын.
5. 1998 жылы Қазақстан Республикасының елшiлiктерiнен және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнен түсетiн консулдық алымдар республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттiгiмен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының түсуiн қамтамасыз ету жөнiнде Ресей Федерациясының тиiстi мемлекеттiк органдарымен қажеттi шаралар жүргiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен қол қойылған келiсiмдерге сәйкес бұрын санациялау мен оңалтуға алынған несиелердiң 1998 жылы республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсiн.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкi 1998 жылдың 15 қаңтарына дейiн Қаржы министрлiгiне әрбiр қарыз алушы бойынша несиелердiң қайтарылуы жөнiнде қолданылатын шаралар кешенiн бекiтуге тапсырсын.
8. Қаржы министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (келiсiм бойынша), Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келiсiм бойынша) және уәкiлеттi агент-банктермен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша, директивалық несиелер мен өзара борыштарды республикаiшiлiк есептеу нәтижелерi бойынша берiлген несиелер және өзге де бюджеттiк несиелердiң түрлерi бойынша түпкi қарыз алушылардан берешектi өндiрiп алуды қамтамасыз етсiн.
9. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп қажет болған жағдайда ақшалай қаражаттарды республикалық бюджетке қайтару мақсатында түпкi қарыз алушылардың берешектерiн қайта құрылымдау туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсыныс жасасын.
10. "Азық-түлiк келiсiм корпорациясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы 1998 жылдың 31 наурызына дейiнгi мерзiмде 1996-1997 жылдардың 2437000 мың теңге сомасындағы мемлекеттiк астық өнiмдерiн сатып алу үшiн бөлiнген қаражаттың республикалық бюджетте қайтарылуын қамтамасыз етсiн.
11. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға енуi туралы шешiм заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Әдiлет министрлiгiмен алдын ала келiсiлгеннен кейiн қабылданады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте осы мақсаттарға арналған қаражаттың шегiнде Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөнiндегi сараптық кеңесiнiң шешiмi негiзiнде халықаралық ұйымдарға жарналар төлеуге арналған қаражат бөлудi жүзеге асырсын.
12. Алматы қаласының әкiмi 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетiнiң N 36 балабақшасын бюджеттiк қаржыларға сәйкес жергiлiктi бюджетте ұстауға белгiленген тәртiппен қабылдасын және оның ойдағыдай жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
13. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi белгiленген тәртiппен 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергiлiктi бюджетте ұстауға әкiмшiлiк полициясы бөлiмшелерiн, уақытша ұстау орындарын, облыстық, қалалық және аудандық iшкi iстер органдарының техникалық қызметкерлерiн қамтамасыз ету қызметiн тұтастай алғанда 2-қосымшаға сәйкес штаттық адам санымен қабылдайтын болсын.
14. 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ведомстволық бағыныстағы темiр жол ауруханаларын оның тарапынан материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз ете және денсаулық сақтау мекемелерiнiң қызметкерлерiне қолданылып келген жеңiлдiктердi бере отырып ұстау тәртiбi сақталсын.
15. Облыстардың, Алматы қаласы мен астананың әкiмдерi:
бiр тұрғынға шаққандағы темiр жол медициналық ұйымдары қызмет көрсететiн, халықтың жұмыс iстемейтiн бөлiгiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының бөлiмшелерiне сақтандыру төлемдерiнiң толық және уақытында аударылуын қамтамасыз етсiн;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, сондай-ақ мемлекеттiк-әлеуметтiк жәрдемақыларды алушыларға жерлеуге арналған жәрдемақыларды, ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектерiне белгiленген мөлшердегi жерлеуге арналған жәрдемақыларды төлеудi қамтамасыз етсiн;
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеудiң және материалдық көмек көрсетудiң құнын өтеудi жүзеге асырсын.
16. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi:
1998 жылдың 1 ақпанына дейiн облыстардың, Алматы қаласы мен астананың әкiмдерiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1998 жылға арналған көшiп келу квотасы бойынша облыстар тұрғысында ұсыныс енгiзсiн;
репатрианттарды тасымалдау үшiн тасымалдаушыны iрiктеу жөнiнде конкурстық рәсiмдер қолдану арқылы 1998 жылға арналған көшi-қон квотасына сәйкес ТМД-ға мүше елдердi қоспағанда шет мемлекеттерден республикаға байырғы ұлт адамдарының ұйымдасқан түрде көшiп келуiн республикалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырсын.
17. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларына белгiленген тәртiппен жәрдемақылардың барлық түрiн тағайындауды қамтамасыз етсiн.
18. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 615000 мың теңге сомасындағы бұрын лизинг бойынша келiсiм шарттардың тәртiбiнде берiлген ауыл шаруашылығы техникасы үшiн түсiмдердiң республикалық бюджетке түсуiн қамтамасыз етсiн.
19. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi 1998 жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде Табиғатты қорғау қоры туралы ереженi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiретiн болсын.
20. Радиоэкология, экологиялық аудандастыруды қоса алғанда, республикалық және аймақаралық табиғат қорғау шараларын қаржыландыру Республикалық қоршаған ортаны қорғау қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
21. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөнiндегi агенттiгi, "Шағын бизнестi қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, 1998 жылдың 25 қаңтарына дейiн екiншi деңгейдегi банктердiң шағын және орта бизнестi дамытуға жеңiлдiктi жағдайларда несие беруге байланысты шығындарды өтеуiнiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
22. Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, 1998 жылдың 20 қаңтарына дейiнгi мерзiмде:
Лизинг жағдайларында ауыл шаруашылығы техникасын берудi ұйымдастыруға арналған қаражатты бөлудiң және қайтарудың тәртiбiн;
Қайтарымсыз негiзде Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қорғау қорынан қаражат бөлудiң тәртiбiн;
Республикалық бюджеттiң қаражатының есебiнен ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге жеңiлдiктi несие берудiң тәртiбiн әзiрлесiн және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
23. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп, 1998 жылдың 20 қаңтарына дейiнгi мерзiмде 70000 мың теңге сомасындағы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, жалпы республикалық маңызы бар жобалау-iздестiру жұмыстарының тiзбесiн бекiтсiн.
24. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Қорғаныс министрлiгiмен, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен бiрлесе отырып, 1998 жылғы 1 ақпанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялаудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiндегi конверсиялық жобаларға сәйкес 600000 мың теңге сомасындағы қаржыны бөлу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
25. Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң орта арнаулы оқу орындарын 4-қосымшаға сәйкес белгiленген тәртiппен қабылдасын.
26. Ақмола, Алматы облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi жердi және жылжымайтын мүлiктердi тiркеудiң пилоттық жобасын iске асыру жөнiндегi жұмысты және барлығы 245700 мың теңге сомасындағы, оның iшiнде Ақмола облысы бойынша - 81900 мың теңге, Алматы облысы бойынша - 122850 мың теңге және Алматы қаласы бойынша - 40950 мың теңге сомасындағы, жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражаттың есебiнен уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
27. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп 1998 жылдың 20 қаңтарына дейiн мемлекеттiк сыртқы қарыздардың қаражатына жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды iске асыратын органдардың жанындағы жұмыс топтары туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.
28. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылдың 25 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардың тұрғысында еңбекке ақы төлеу қорының және әкiмшiлiк шығыстарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаржылар шегiндегi iссапар шығындарының лимитiн ұсынсын.
29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi департаментi аукциондар мен тендерлердi жүргiзуге, мемлекеттiк меншiктi басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүргiзуге және мемлекет қатысатын кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзуге байланысты шығындарды қаржыландыруға пайдаланатын қаражаттың шектi мөлшерiн жекешелендiруден түсетiн қаражаттың бес процентiнен аспайтын сомада белгiлесiн. <*>
Делдалдың (андеррайтердiң) қызметiн пайдалану арқылы акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сату кезiндегi шығындардың сомасы осы тармақтың бiрiншi абзацында белгiленген шектi мөлшер есепке алынбастан, жоғарыда аталған қызметтердi көрсетуге арналған шартпен айқындалады. <*>
ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгердi және жаңа абзацпен толықтырылды -
ҚРҮ-нiң 1998.03.31. N 272 қаулысымен. P980272_
30. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi 1998 жылғы 1 ақпанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Ақмола қаласын дамытудың бiрiншi кезектегi объектiлерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының 1998 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
31. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Қаржы министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi мен Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, 1998 жылғы 20 қаңтарға дейiн Жаңа тұрғын үй саясатын пилоттық жобалар арқылы жүзеге асырудың тетiктерi жөнiндегi тәртiптi әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
32. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi мен Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөнiндегi агенттiгi 1998 жылдың 20 ақпанына дейiн қуаттардың жаңартылған көздерiн дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған 200000 мың теңге сомасындағы қаражатты қайтарымдық негiзде бөлудiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
33. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ бюджеттен тыс қорларды басқару органдары:
тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыру кезiнде "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, мемлекеттiк сатып алулар процесiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алсын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен және үлгi бойынша жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алулар туралы ақпарат берiп отырсын;
тоқсандар бойынша бекiтiлген сомалардың шегiнде заттай және құны түрiнде көлемдерiн көрсету арқылы, олардың түрлерi мен топтары бойынша 1998 жылы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң тiзбесiн жасасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген нысан мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
есептi кезең өткен соң, 25 күннен кейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген үлгi бойынша бекiтiлген жылдық сомалардың шеңберiнде республикалық бюджет бойынша қабылданған қаржылық мiндеттемелердiң орындалуының тоқсандық есептерiн тапсырсын; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ол бекiткен нысан бойынша, есептi айдан 15 күн өткен соң, қаржы мiндеттемелерi бойынша дебиторлық және несиелiк берешек туралы ақпаратты табыс етсiн.
34. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiлген конкурстардың нәтижесi бойынша мемлекеттiк сатып алуларға жұмсалған шығындарды қаржыландыруды жүзеге асырсын;
1998 жылдың 15 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi конкурстық негiзде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын және конкурстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болатын олардың тапсырысшыларының тiзбесiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
1998 жылдың 1 ақпанына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаржыландыратын ұйымдарға арналған, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар бойынша мемлекеттiк сатып алу және несиелiк борыштар бойынша жүргiзiлетiн есептердiң тәртiбi мен үлгiсiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
35. Министрлiктер, ведомстволар, Ақмола облысы мен Ақмола қаласының әкiмдерi 1998 жылғы 15 қаңтарға дейiн Ақмола қаласында тиiстi министрлiктердiң, ведомстволардың, Ақмола облысының және Ақмола қаласының мемлекеттiк органдарын ұстауға арналған штаттық адам саны мен шығындардың есебiнен Ақмола қаласында мемлекеттiк органдарын ұйымдастырсын.
Ақмола облысы мен Ақмола қаласының әкiмдерi 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша облыс пен Ақмола қаласы бюджеттерiнiң орындалуы туралы ай сайын есеп берiп тұрсын.
36. Облыстардың, Алматы қаласы мен астананың әкiмдерiне 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жергiлiктi бюджет қаражатының бос қалдығын жалақы төлеу және басқа әлеуметтiк төлемдер жөнiндегi борыштарды өтеу үшiн басым тәртiпте пайдалану ұсынылсын.
37. Мемлекеттiк органдарды реформалау және бюджеттiк қаржыларды ұтымды пайдалану жөнiнде жүргiзiлiп отырған шараларға байланысты Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, орталық атқарушы органдарына, оның iшiнде Қазақстан Республикасының құрамына кiрмейтiндерiне, және басқа мемлекеттiк органдарға бiр жыл бойы штаттағы адамдардың санын және оларды ұстауды қаржыландыруды ұлғайту туралы ұсыныс жасауға тыйым салынсын. Бұл мәселелер жөнiндегi ұсыныстар алдағы қаржылық жылдың бюджетiн жасау кезiнде қаралады деп белгiленсiн.
38. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен бiрлесiп 1998 жылдың 15 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк кәсiпорындар мен қаржылық секторларды дамытуға арналып Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiсiнен алынатын 515970 мың теңге сомасындағы мемлекеттiк сыртқы қарыз қаражатын атаулы бөлу туралы ұсыныс енгiзсiн.
39. Қазақстан Республикасының Энергетика, өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгi 1998 жылдың 20 қаңтарына дейiнгi мерзiмде министрлiктердiң, ведомстволардың және жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың қызметтiк ғимараттарды пайдалануының тәртiбi мен нормативтерiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн белгiленген межелерден артық пайдаланылып келген ғимараттарды қайта бөлудi қамтамасыз етсiн.
40. Облыстар мен Алматы қаласының және астананың әкiмдерiне жергiлiктi бюджетте тұратын ұйымдардың соңғыларының жергiлiктi бюджетке берешектерiн өтеу есебiнен есептеу жолымен ұйымдарға (тауар, жұмыс және қызмет көрсету берушiлерге) пайда болған берешектерiн өтеудi қоя тұру ұсынылсын.
41. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры ұйымдарға (тауарлар, жұмыстар берушiлер мен қызмет көрсетушiлерге) мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың жинақталып қалған борыштарын соңғылардың бюджеттен тыс қорға төленетiн төлемдер жөнiндегi борыштарды жабуы есебiнен есептеме жасау жолымен (заттай төлемдi қоса алғанда) өтеу жүргiзбейтiн болсын.
42. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi
министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесiп 1998 жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулымен сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1864 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының 1998 жылға арналған республикалық бюджетi Санаты Сыныбы Сынапша Ерекшелiгi Атауы Сомасы (мың теңге) ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________ 1. Кiрiстер 196503609 1 САЛЫҚ ТҮСIМДЕРI 127863115 1 Кiрiстерге және капитал өсiмiне салынатын 33161049 табыс 1 Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 26652283 1 Резидент-заңды тұлғалардан алынатын табыс 23987322 салығы 2 Резидент емес-заңды тұлғалардан алынатын 2664961 табыс салығы 2 Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы 6508766 1 Жеке тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен 6508766 ұсталатын табыс салығы 4 Меншiкке салынатын салықтар 600000 2 Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн 600000 алымдар 1 Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн 600000 алымдар 5 Тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге 85012066 салынатын iшкi салықтар 1 Қосылған құнға салынатын салық 60900773 1 Iшкi өндiрiс тауарларына, жұмыстар мен қызмет 47900773 көрсетулерге салынатын қосылған құн салығы 2 Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн 13000000 тауарларға салынатын қосылған құн салығы 2 Акциздер 7917603 19 Бензин 6333603 29 Өңделмеген мұнай 1584000 3 Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн 16193690 түсiмдер 5 Iшкi жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын 1514000 бонустар 6 Iшкi жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын 14679690 роялти 6 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 9090000 салынатын салықтар 1 Кеден төлемдерi 6290000 1 Импорттық кеден баждары 6290000 2 Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын 2800000 басқа да салықтар 1 Кедендiк бақылау мен кедендiк рәсiмдердi 2800000 жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер 2 САЛЫҚҚА ЖАТПАЙТЫН ТҮСIМДЕР 17680594 1 Кәсiпкерлiк қызмет пен меншiктен түсетiн 14982744 кiрiстер 2 Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерiнен 14890500 түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдер 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң 400000 табыстарынан түсетiн түсiмдер 3 Мемлекетке тиесiлi акциялар пакетiне 3500000 дивидендтер түсiмi 5 Тәркiленген, иесiз мүлiктi, мемлекетке 57000 мұрагерлiк құқық бойынша өткен мүлiктi, қазыналарды, тауып алған заттарды сатудан түсетiн түсiмдер 6 Республика iшiнде берiлген қарыздар мен 515000 несиелер үшiн алынатын сыйақылар (мүдделер) 10 "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн 9418500 жалгерлiк төлем 11 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi 1000000 бойынша алынған сыйақылар (мүдделер) 3 Меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер 92244 4 Шет мемлекеттердiң Үкiметтерiне мемлекеттiк 92244 несиелер берiлгенi үшiн алынатын сыйақылар (мүдделер) 2 Әкiмшiлiк алымдар мен төлемдер, коммерциялық 1718900 емес және жолай сатудан алынатын кiрiстер 1 Әкiмшiлiк алымдар 885000 7 Қазақстан Республикасының азаматтарына 600000 төлқұжаттар беру үшiн төлемдер, үй кiтаптарын сатудан түскен түсiмдер 10 Басқа да әкiмшiлiк алымдары 285000 3 Басқа да төлемдер және коммерциялық емес және 833900 жолай сатудан алынатын кiрiстер 1 Мемлекеттiк мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлем 200000 9 Басқа да төлемдер және коммерциялық емес 633900 және жолай сатудан алынатын кiрiстер 3 Айыппұлдар мен санкциялардан түсетiн түсiмдер 19500 1 Айыппұлдар мен санкциялардан түсетiн түсiмдер 19500 3 Стандарттар мен сертификаттау ережелердiң 10500 талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердi, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатудан алынған табыстар сомасының түсiмi 7 Экономикалық нормативтердi және статистикалық 9000 есеп берудiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген мерзiмдерiн бұзғаны үшiн екiншi деңгейдегi банктерге қолданылатын санкция сомаларының түсiмi 5 Салыққа жатпайтын өзге түсiмдер 959450 1 Салыққа жатпайтын өзге түсiмдер 959450 3 Қоршаған ортаны қорғау қорына түсiмдер 674850 9 Салыққа жатпайтын өзге түсiмдер 284600 3 КАПИТАЛМЕН ЖАСАЛҒАН ОПЕРАЦИЯЛАРДАН 50959900 АЛЫНАТЫН КIРIСТЕР 1 Негiзгi капиталды сату 45000000 1 Негiзгi капиталды сату 45000000 4 Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден 45000000 түсетiн түсiмдер 2 Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату 5959900 1 Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату 5959900 1 Мемлекеттiк материалдық резервтерден тауарлар 3522900 сатудан түсетiн түсiмдер 2 Мемлекеттiк қорлардан астық сатудан түсетiн 2437000 түсiмдер II. Алынған ресми трансферттер (гранттар) 7455200 4 АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР (ГРАНТТАР) 7455200 1 Басқа деңгейлердегi мемлекеттiк басқару 6300000 органдарынан 5 Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 6300000 сақтандыру жарналары бойынша берешектердi өтеу 2 Сыртқы көздерден 1155200 1 Сыртқы көздерден 1155200 1 Ағымдағы 500000 2 Күрделi 655200 Ф/тон Функция Шағын функция Мекеме Атауы Сомасы (мың теңге) ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________ III. Шығыстар 281334379 1 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет 32387419 көрсетулер 1 Заң шығарушы орган және басқа функцияларға 23385944 енгiзiлмеген өзге де органдар, қаржы және салық-бюджет саясаты, шет мемлекеттерге экономикалық көмек көрсетудi қоспағанда сыртқы экономикалық қызмет 1 Заң шығарушы орган және басқа функцияларға 1431766 енгiзiлмеген өзге де органдар 101 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 372272 Әкiмшiлiгi 102 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 789555 Шаруашылық Басқармасы 104 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 238741 Кеңсесi 637 Қазақстан Республикасының Конституциялық 31198 Кеңесi 2 Қаржы және фискальдық қызмет 15373936 217 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 15239250 311 Қазақстан Республикасының Инвестициялар 65764 жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 406 Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау 27922 жөнiндегi есеп комитетi 660 Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар 41000 жөнiндегi ұлттық комиссиясы 3 Сыртқы экономикалық қызмет 6580242 204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 3310101 министрлiгi 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 244980 министрлiгi 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 2133510 министрлiгi 411 Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы 16896 және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңесiнiң атқарушы комитетi 601 Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметi 299880 698 Аралды құтқару халықаралық қоры 574875 3 Iргелi зерттеулер 4084113 206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 4084113 - Ғылым академиясы 4 Жалпы сипаттағы қызмет көрсетулер 4200935 2 Жалпы жоспарлау және статистикалық 1439372 қызметтер 604 Қазақстан Республикасының Стратегиялық 1439372 жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi 3 Жалпы сипаттағы өзге де қызметтер 2761563 603 Қазақстан Республикасы Президентiнiң архивi 27947 617 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орталық 21878 архивi 621 Қазақстан Республикасының Жоғары және 20473 орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы 646 Қазақстан Республикасының Президентiнiң 20622 жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 680 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет 938658 қызметi 694 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс 923154 Басқармасы 696 Қазақстан Республикасының Президентi мен 808831 Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы 5 Басқа санаттарға жатқызылмаған жалпы 716427 сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер 676 Азық-түлiк контракт корпорациясы 500000 690 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау 216427 комиссиясы 2 Қорғаныс 17544752 1 Әскери мұқтаждарға байланысты қызмет 16345542 1 Әскери мұқтаждар 16345542 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 15711418 министрлiгi 678 Республикалық ұлан 634124 4 Басқа санаттарға жатқызылмаған қорғаныс 1199210 саласындағы қызмет 308 Қазақстан Республикасының Төтенше 1199210 жағдайлар жөнiндегi комитетi 3 Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк 27875754 1 Iшкi iстер органдары 8197677 201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 5537816 министрлiгi 624 Iшкi әскерлер бас басқармасы 2659861 2 Соттар және прокуратура 4890436 221 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 2741530 501 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 364190 502 Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 1784716 3 Қылмыстық-атқару жүйесi 5066207 623 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер 5066207 министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi 4 Басқа санаттарға жатқызылмаған қоғамдық 9721434 тәртiп және қауiпсiздiк 303 Қазақстан Республикасы Қорғаныс 3936607 министрлiгiнiң Шекара күзетi жөнiндегi комитетi 410 Қазақстан Республикасының Ұлттық 5094497 қауiпсiздiк комитетi 601 Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметi 615055 649 Эргономика институты 75275 4 Бiлiм беру 17967461 1 Мектепке дейiнгi бiлiм беру 396954 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 41243 министрлiгi 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 102550 коммуникациялар министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 220107 және денсаулық сақтау министрлiгi 696 Қазақстан Республикасы Президентi мен 30478 Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы 697 Қазақстан Республикасының Президентi Iс 2576 Басқармасының Медициналық орталығы 2 Бастауыш және орта бiлiм беру 3091436 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 190633 коммуникациялар министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 2900803 және денсаулық сақтау министрлiгi 4 Арнаулы орта бiлiм беру 958555 201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 328390 министрлiгi 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 89281 министрлiгi 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 77427 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 463457 және денсаулық сақтау министрлiгi 5 Кадрларды кәсiби даярлау 199459 1 Кадрларды қайта даярлау жөнiндегi оқу 199459 орындары мен курстар 204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 1364 министрлiгi 206 Қазақстан Республикасының Ғылым 18879 министрлiгi - Ғылым академиясы 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 3318 халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 1318 министрлiгi 221 Қазақстан Республикасының Әдiлет 8752 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 125915 және денсаулық сақтау министрлiгi 641 Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық 18715 университетi 648 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы 21198 Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру институты 6 Жоғары бiлiм беру 11468614 201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 359798 министрлiгi 204 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер 96358 министрлiгi 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 764223 министрлiгi 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 72852 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 8481533 және денсаулық сақтау министрлiгi 308 Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар 42183 жөнiндегi комитетi 410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 309283 комитетi 611 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 50000 жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi 640 Қ.Яссауи атындағы Халықаралық 266245 Қазақ-Түрiк университетi 641 Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық 993572 университетi 645 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 32567 жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты 7 Деңгейлерi бойынша айқындалмайтын бiлiм 1782199 беру саласындағы қызметтер 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1622199 және денсаулық сақтау министрлiгi 299 Басқа ұйымдар 160000 8 Бiлiм беру саласындағы қосалқы қызметтер 70244 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 2000 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 53187 және денсаулық сақтау министрлiгi 604 Қазақстан Республикасының Стратегиялық 15057 жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi 5 Денсаулық сақтау 10916354 1 Ауруханалар 7785702 1 Кең профильдi ауруханалар 6692608 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 5909337 және денсаулық сақтау министрлiгi 697 Қазақстан Республикасының Президентi Iс 783271 Басқармасының Медициналық орталығы 3 Медициналық орталықтар мен перзентханалар 21307 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 21307 және денсаулық сақтау министрлiгi 5 Басқа iшкi топтарға жатқызылмаған аурухана 1071787 мекемелерiнiң жұмысы мен қызмет көрсетулерi 201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 96375 министрлiгi 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 226248 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 655200 және денсаулық сақтау министрлiгi 303 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң 83232 Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетi 678 Республикалық ұлан 10732 2 Емханалар және дәрiгерлер, тiс дәрiгерлерi мен 100979 орта медициналық қызметкерлердiң қызмет көрсетуi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 69460 және денсаулық сақтау министрлiгi 410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 31519 комитетi 3 Халықтың денсаулығын сақтау 1492041 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1230936 және денсаулық сақтау министрлiгi 697 Қазақстан Республикасының Президентi Iс 261105 Басқармасының Медициналық орталығы 6 Денсаулық сақтау саласындағы басқа санаттарға 1537632 жатқызылмаған жұмыс пен қызмет көрсетулер 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1537632 және денсаулық сақтау министрлiгi 6 Әлеуметтiк сақтандыру және қамсыздандыру 9190295 1 Әлеуметтiк сақтандыру 8840367 2 Зейнетақы бағдарламалары 7863417 201 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 4362170 министрлiгi 208 Қазақстан Республикасының Қорғаныс 2727719 министрлiгi 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 66228 халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 303 Қазақстан Республикасы Қорғаныс 237600 министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетi 410 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк 469700 комитетi 6 6 Әлеуметтiк көмектiң басқа да түрлерi 976950 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 151537 әлеуметтiк қорғау министрлiгi 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 825413 коммуникациялар министрлiгi 3 Әлеуметтiк қамсыздандыру 269439 2 Әлеуметтiк қамсыздандыру - интернат 30970 үлгiсiндегi басқа да мекемелер 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 30970 әлеуметтiк қорғау министрлiгi 5 Интернат үлгiсiндегi мекемелер арқылы 238469 көрсетiлмейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi қызмет көрсетулер 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 238469 халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 4 Басқа санаттарға жатқызылмаған әлеуметтiк 80489 сақтандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызметтер 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 80489 әлеуметтiк қорғау министрлiгi 8 Демалысты ұйымдастыру және мәдениет 9855995 саласындағы қызмет 1 Бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру 1404720 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 1338544 және денсаулық сақтау министрлiгi 230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 64895 қоғамдық келiсiм министрлiгi 696 Қазақстан Республикасының Президентi мен 1281 Үкiметiнiң Шаруашылық Басқармасы 2 Мәдениет саласындағы қызмет 3215892 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 2933407 және денсаулық сақтау министрлiгi 230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 282485 қоғамдық келiсiм министрлiгi 3 Теледидар және радиохабарлары, баспа 5107007 мекемелерi мен қызметтерi 230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 751863 қоғамдық келiсiм министрлiгi 650 "Қазақстан теледидары және радиосы" 3028183 корпорациясы 656 "Мир" мемлекет аралық телерадио компаниясы 17110 686 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 57426 телерадиокешенi" мемлекеттiк мекемесi 689 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Хабар 1252425 агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 5 Басқа iшкi топтарға жатқызылмаған 128376 мәдениет және дiн саласында демалыс пен қызметтi ұйымдастыру 230 Қазақстан Республикасының Ақпарат және 128376 қоғамдық келiсiм министрлiгi 9 Отын-энергетика кешенi 1150000 9 1 Отын 1150000 1 Көмiр және қатты қазба отынның басқа да 1150000 түрлерiн өндiру 699 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк 1150000 Медетшi банкi 10 Ауыл, су және орман шаруашылығы, балық 7604294 аулау, аң аулау және табиғат қорғау 1 Ауыл шаруашылығы 6042141 1 Ауыл шаруашылық жерлерi мен су ресурстарын 916899 басқару 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 916899 министрлiгi 2 Жер реформалары және жерге орналастыру 468450 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 468450 министрлiгi 3 Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау 2500000 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 2500000 министрлiгi 5 Мал дәрiгерлiк қызмет көрсету 1164064 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 1164064 министрлiгi 6 Ауылшаруашылығы зиянкестерiне қарсы күрес 778720 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 778720 министрлiгi 7 Басқа санаттарға жатқызылмаған ауыл 214008 шаруашылығы саласындағы қызмет 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 214008 министрлiгi 2 Орман шаруашылығы 1014101 206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 2000 - Ғылым академиясы 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 1012101 министрлiгi 3 Балық аулау және аң аулау 65000 212 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы 65000 министрлiгi 4 Ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулер 5000 және тәжiрибелiк талдамалар 206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 5000 - Ғылым академиясы 11 Басқа санаттарға жатқызылмаған ауыл 478052 шаруашылығы, балық аулау, аң аулау және табиғат қорғау саласындағы қызмет және қызмет көрсетулер 218 Қазақстан Республикасының Экология және 478052 табиғи ресурстар министрлiгi 11 Кен өндiру өнеркәсiбi және отынды қоспағанда, 1090482 пайдалы қазбалар; өңдеу өнеркәсiбi; құрылыс 1 Кен өндiру өнеркәсiбi және отынды қоспағанда, 120482 пайдалы қазбалар 206 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi 120482 - Ғылым академиясы 3 Құрылыс 70000 232 Қазақстан Республикасының Энергетика, 70000 индустрия және сауда министрлiгi 11 4 Басқа санаттарға жатқызылмаған кен өндiру 900000 өнеркәсiбi және пайдалы қазбалар, ұқсатушы өнеркәсiп және құрылыс саласындағы қызметтер мен қызмет көрсетулер 218 Қазақстан Республикасының Экология және 900000 табиғи ресурстар министрлiгi 12 Көлiк және байланыс 304329 2 Су көлiгi 120000 2 Су көлiгiн пайдалану 120000 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 120000 коммуникациялар министрлiгi 7 Байланыс жүйелерi 128360 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 128360 коммуникациялар министрлiгi 8 Басқа санаттарға жатқызылмаған көлiк және 55969 байланыс саласындағы қызмет 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 55969 коммуникациялар министрлiгi 13 Экономикалық қызметпен байланысты басқа да 26158689 қызмет көрсетулер 3 Көп мақсатты даму жобалары 434070 104 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 343980 Кеңсесi 212 Қазақстан Республикасының Ауыл 90090 шаруашылығы министрлiгi 4 Еңбектi жалпы ұйымдастыруды қоспағанда, жалпы 675009 шаруашылық және коммерциялық қызмет 218 Қазақстан Республикасының Экология және 535235 табиғи ресурстар министрлiгi 232 Қазақстан Республикасының Энергетика, 139774 индустрия және сауда министрлiгi 5 Еңбектi жалпы ұйымдастыру 271261 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты 271261 әлеуметтiк қорғау министрлiгi 6 Басқа санаттарға жатқызылмаған экономикалық 24778349 қызметке байланысты басқа да қызмет көрсетулер 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 140000 министрлiгi 221 Қазақстан Республикасының Әдiлет 376740 министрлiгi 224 Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 113109 және денсаулық сақтау министрлiгi 299 Басқа ұйымдар 24148500 14 Негiзгi топтарға жатқызылмаған шығыстар 119288555 1 Мемлекеттiк мiндеттемелермен жүргiзiлетiн 26464292 операциялар 1 Сыйақылар (мүдделер) төлеу 26148852 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 26148852 министрлiгi 2 Мемлекеттiк заемдарды орналастыруға және 315440 оларды қайта қаржыландыруға байланысты шығыстар 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 315440 министрлiгi 3 Әртүрлi деңгейдегi мемлекеттiк органдар 92824263 арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер 105 Әкiмдер аппараты 40184263 119 Қарағанды облысының әкiмi 140000 213 Қазақстан Республикасының Еңбек және 52500000 халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ф/топ Функциясы Iшкi функциясы Атауы Сомасы Мекеме (мың теңге) ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________ IV. Өтеу шегерiлген несиелендiру 33231936 Несиелендiру 36906822 14 2 Несиелендiру 36906822 1 Iшкi көздерден iшкi несиелендiру 19982687 115 Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 956592 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 745290 коммуникациялар министрлiгi 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 10221305 министрлiгi 218 Қазақстан Республикасының Экология және 150000 табиғи ресурстар министрлiгi 299 Басқа да ұйымдар 7000000 667 Екiншi деңгейдегi банк 409500 699 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк 5000000 Медетшi банкi 2 Сыртқы көздерден iшкi несиелендiру 16842735 104 Қазақстан Республикасы Премьер- 171990 Министрiнiң Кеңсесi 115 Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 7338731 212 Қазақстан Республикасының Ауыл 2078540 шаруашылығы министрлiгi 215 Қазақстан Республикасының Көлiк және 6494015 коммуникациялар министрлiгi 232 Қазақстан Республикасының Энергетика, 759459 индустрия және сауда министрлiгi 3 Сыртқы несиелендiру 81400 217 Қазақстан Республикасының Қаржы 81400 министрлiгi Өтеу - 3674886 5 ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАЕМДАРЫ МЕН ҚАРЫЗДАРЫН ӨТЕУ - 3674886 1 Iшкi несиелендiрудi өтеу - 3253935 2 Банктер мен жекелеген банк операцияларын - 892629 жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, ұйымдардың өтеуi 2 Орталықтандырылған директивтiк несие - 135000 бойынша мерзiмi өткен берешектi және сыйақыларды (мүдделердi) қайтару 3 Iшкi республикалық есептеме бойынша несие - 97500 жөнiндегi мерзiмi өткен берешектi қайтару 4 Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қолдау - 43000 қорына берiлген орталықтандырылған дерективтiк несиелер жөнiндегi мерзiмi өткен берешектi қайтару 5 Қаржылық емес мемлекеттiк кәсiпорындардың - 2129 өтеуi 6 Лизинг операцияларын жүргiзуге берiлген - 615000 несиелер бойынша қаражатты қайтару 4 Банктердiң және банк операцияларының - 2297306 жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өтеуi 1 Банктердiң және банк операцияларының - 2297306 жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өтеуi 5 Iшкi несиелендiрудi өтеудiң өзге де түрлерi - 64000 1 Тiкелей қаржыландыру бойынша қаражаттарды - 61500 қайтару 2 Жеке айналымдағы қаражаттың жетiспеушiлiгi - 2500 есебiнен несие бойынша қаражаттарды қайтару 2 Сыртқы қарыздар бойынша борыштарды өтеу - 420951 мақсатымен жүргiзiлетiн iшкi несиелендiрудi өтеу 5 2 Ұйымдардың өтеуi - 420951 1 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң - 420951 мемлекеттiк кепiлдiктерi бар заемдар бойынша өтеу V. Бюджет тапшылығы - 110607506 VI. Қаржыландыру - 110607506 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1864 қаулысына 2-қосымша Республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке берiлетiн Iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң штат саны _______________________________________________________________ Облыстар | Саны, бiрлiк ___________________________________________|___________________ | Ақмола | 175 Алматы | 316 Ақтөбе | 142 Атырау | 91 Шығыс Қазақстан | 273 Жамбыл | 154 Батыс Қазақстан | 136 Қарағанды | 358 Қызылорда | 65 Қостанай | 267 Маңғыстау | 95 Павлодар | 183 Солтүстiк Қазақстан | 242 Оңтүстiк Қазақстан | 356 Алматы қаласы | 147 ___________________________________________|___________________ Жиыны | 3000 ___________________________________________|___________________ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1864 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына қарасты медициналық ұйымдарының тiзбесi Ақмола облысы Ақмола темiр жолының Жол ауруханасы, Ақмола қаласы Ақтөбе облысы Батыс темiр жолының Жол ауруханасы, Ақтөбе қаласы Атырау облысы Емханасы бар аурухана, Атырау қаласы Шығыс Қазақстан облысы Емханасы бар, аурухана, Защита ст. (Өскемен қаласы) Жамбыл облысы Емханасы бар аурухана, Жамбыл қаласы Қарағанды облысы Сарыарқа темiр жолының бөлiмшелiк ауруханасы, Қарағанды қаласы Батыс Қазақстан облысы Емханасы бар аурухана, Орал қаласы Қызылорда облысы Емханасы бар аурухана, Қызылорда қаласы Қостанай облысы Емханасы бар аурухана, Қостанай қаласы Павлодар облысы Емханасы бар аурухана, Павлодар қаласы Солтүстiк Қазақстан облысы Аурухана, Көкшетау қаласы Емханасы бар бөлiмшелiк аурухана, Петропавл ст. Семей облысы Семей темiр жолының бөлiмшелiк ауруханасы, Семей қаласы Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан темiр жолының бөлiмшелiк ауруханасы, Шымкент қаласы Алматы қаласы "Қазақстан темiр жолы" РМК орталық клиникалық ауруханасы, Алматы қаласы Алматы темiр жолының бөлiмшелiк ауруханасы, (I-Алматы ст.), Алматы қаласы Балалар жол ауруханасы, I-Алматы ст. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1864 қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн арнаулы орта оқу орындарының ТIЗБЕСI 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтөбе облысы Ақтөбе темiр жол көлiгi колледжi Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау экономикалық колледжi 1998-99 оқу жылынан бастап Жамбыл облысы Жамбыл Қазақ-Түрiк есеп-экономикалық колледжi