Қазақстан Республикасының шетел несие берушiлерi алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар бұрын берiлген мемлекеттiк емес сыртқы займдардың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 4 мамырда берiлген N 26-14/110, 1992 жылғы 10 маусымда N 22-3/40 мемлекеттiк кепiлдiктерiне сәйкес, шетел банктерi шоттарының негiзiнде дәрменсiз заем алушылар үшiн алдағы және мерзiмi өткен төлемдердi (1-2-қосымшалар), сондай-ақ есептелген айыппұлдардың сомасын "Несиелендiру және шегерiлген өтеу" бөлiмi бойынша 1998 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегiнде төлем күнiндегi бағамдық айырманың өзгерiсiн ескере отырып төлесiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк
емес сыртқы заемдарды пайдалану бойынша заем алушылардың қызметiне
қаржылық тексеру жүргiзсiн және оларды пайдалануды бұзу фактiлерi
анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдарына сәйкес кiнәлi адамдарды жауапқа тарту мақсатында
материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға берсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
республикалық бюджеттен алынған қаражаттарды қайтаруды қамтамасыз ету
жөнiндегi барлық қажеттi шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 4 ақпандағы
N 74 Қаулысына
2 қосымша
Шетел несиелерiн өтеу бойынша алдағы
төлемдердiң
СОМАСЫ
___________________________________________________________________
Қарыз алушы |Төлем | Төлем сомасы| Негiзгi |Проценттер|Басқалар
ұйым |валютасы| | борыш | |
___________________________________________________________________
Француз несие желiсi
___________________________________________________________________
"Тағам" АК | FRE | 775384,44 | 0 |775384,44 | 0
___________________________________________________________________
| |5 210488,90 |5 210488,90| 0 | 0
___________________________________________________________________
Барлығы: | DM |5 985873,34 |5 210488,90|775384,44 | 0
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 4 ақпандағы
N 74 Қаулысына
1-қосымша
Шетел несиелерiн өтеу бойынша мерзiмi өткен
төлемдердiң
СОМАСЫ
___________________________________________________________________
Қарыз алушы |Төлем | Төлем сомасы| Негiзгi |Проценттер|Басқалар
ұйым |валютасы| | борыш | |
___________________________________________________________________
Түрiк несие желiсi
___________________________________________________________________
"Мақсат" АК | USD | 755706,03 |687458,00 |59023,59 |9224,44
___________________________________________________________________
"Легпром" АК| USD |3931800,77 |3333233,30|524103,70 |74463,80
___________________________________________________________________
Барлығы: | USD |4687506,80 |4020691,30|583127,29 |83688,24
___________________________________________________________________