Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) және "Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi Ұлттық оператор туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына "КАТЭП" атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi ұлттық акционерлiк компаниясы, "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен "NUКЕМ,Jnс" компаниясы арасындағы 1996 жылғы 21 ақпандағы келiсiм-шартқа және аталған келiсiм-шартқа "КАТЭП" акционерлiк қоғамы, "Үлбi" металлургия зауыты" акционерлiк қоғамы мен "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясының арасындағы 1997 жылғы 18 желтоқсандағы және "КАТЭП" акционерлiк қоғамы, "Үлбi" металлургия зауыты" акционерлiк қоғамы мен "NUКЕМ, Jnc" компаниясының арасындағы 1997 жылғы 18 желтоқсандағы қосымша келiсiмдерге орай СЭҚ ТН коды 2844 180000 килограмм байытылған (U235 бойынша 3,0 проценттен 4,5 процентке дейiн байытылған) уран өнiмiн әкетуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi көрсетiлген мөлшердегi өнiмдердi белгiленген тәртiппен әкетуге "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясына лицензиялар берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 18 сәуiрдегi N 181 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi мен Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi