Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазпатент" және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 P971552_ қаулысында:
6-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың төртінші-он сегізінші абзацтарының күші жойылды
- ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi, бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне
бұрын қабылданған нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiру
туралы ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi