Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиясын насихаттау үшiн елдiң кең интеллектуалдық ресурстарын тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi шығармашылық ұжымдарының арасында ел Президентiнiң Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" Жолдауын халықтың арасында түсiндiру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға арналған конкурс өткiзсiн.
2. Шығармашылық ұжымдарының арасында ел Президентiнiң Қазақстанның халқына "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" Жолдауын халықтың арасында түсiндiру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға арналған конкурс өткiзу жөнiндегi комиссияның ұсынылып отырған құрамы бекiтiлсiн;
комиссия он күндiк мерзiм iшiнде конкурсты өткiзудiң шарттары мен оған қатысушыларға талаптарды әзiрлесiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiне 1998 жылға арналған республикалық бюджетке әлеуметтiк зерттеулер жүргiзу бөлiгiнде көзделген қаражаттың есебiнен - Қазақстан
Республикасының Ғылым министрлiгiне - Ғылым академиясына мемлекеттiк
тапсырыстың шеңберiнде ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналып көзделген
қаражаттың есебiнен көрсетiлген мақсатқа арналған шығыстарды
қаржыландыруды көздесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 25 ақпандағы
N 143 қаулысымен
бекiтiлген
Шығармашылық ұжымдарының арасында ел
Президентiнiң Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030.
Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және
әл-ауқатының артуы" Жолдауын халықтың арасында түсiндiру
жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға арналған конкурс
өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамы
А.С.Сәрсенбаев - Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
келiсiм министрi, комиссияның
төрағасы
Б.Т.Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк
сатып алу жөнiндегi департа.
ментiнiң директоры, комиссия
төрағасының орынбасары
Б.Б.Әбдiғалиев - Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi, Реформаларды
талдау, жоспарлау және
насихаттау басқармасының
бастығы, комиссияның хатшысы
Комиссия мүшелерi:
М.С.Әшiмбаев - Қазақстан Республикасының
Президентi Әкiмшiлiгiнiң
Талдау және стратегиялық
зерттеулер орталығы
жетекшiсiнiң орынбасары
(келiсiм бойынша)
Е.М.Арын - Қазақстан Республикасының
Бiлiм, мәдениет және
денсаулық сақтау вице-министрi
Л.Ю.Тараков - Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
келiсiм вице-министрi
К.Н.Келiмбетов - Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар жөнiндегi
агенттiгiнiң департаментi
директорының орынбасары
А.К.Сұлтанғалиев - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жанындағы
Қазақ стратегиялық зерттеулер
институтының директоры
М.Е.Аманбаев - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Сараптық-талдау бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Н.С.Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi Iшкi саясат
департаментiнiң директоры
А.К.Төлебаев - Қазақстан Республикасының
Ғылым министрлiгi - Ғылым
Академиясы Мемлекеттiк
ғылыми-техникалық
бағдарламалар және оларды
ресурстық қамтамасыз ету
департаментiнiң директоры