Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 11 наурыз N 201. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.03.15. N 245 қаулысымен. ~P990245

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, аудару және Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төлемдi жүзеге асыру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 P971733_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, аудару және Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төлемдi жүзеге асыру тәртiбiнде:
      1. 6-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Төлеушiлердiң мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуi өздерiнiң банктiк шоттарынан қолма қол ақшасыз есеп айырысуы жолымен не қолма қол ақшамен жүргiзiледi."
      2. 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Мiндеттi зейнетақы жарналарын Орталыққа аудару Орталықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң МААБ-ында ашылған арналу коды "015", N 413609816, МФО 190501109 шотына жүргiзiледi.
      10. Орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбiмен төлеу кезiнде төлеушi банкке үш данада қағаз таратушыдағы төлем тапсырысын өткiзедi. Бiрiншi данасы банкке өткiзiледi, аударымды қабылдағаны туралы банктiң белгiсi бар екiншi және үшiншi данасы төлеушiнiң өзiне қайтарылады, төлеушi төлем тапсырысының екiншi және үшiншi данасы қайтарылғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде төлем тапсырысының үшiншi данасын тiркелген жерiндегi салық органына ұсынады.
      Төлеушiнiң банкi мiндеттi зейнетақы жарнасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасы арқылы аударған жағдайда төлеушi төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасына беретiн төлем тапсырысының қағаз таратушыдағы төртiншi данасын банкке қосымша ұсынады.
      Төлем тапсырыстары бағдарламалық-криптографиялық қорғау және электронды сандық қол қоюлар жүйесiн пайдалану туралы келiсiмге сәйкес байланыстың электронды арналары бойынша берiлген кезде төлеушiнiң банктен алған, қағаз таратушыда басылған, банк куәландырған электронды төлем тапсырысын алғаннан кейiнгi үш жұмыс күнi iшiнде оны тiркелген жерiндегi салық органына беруi қажет. Банктiң Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен төлем жүйесiндегi жұмыстарға арналған форматтарға сәйкес жүзеге асырылады."
      3. 11 тармақ алынып тасталсын.
      4. 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адам жарнаның есептелген сомасын салық заңдарында белгiленген мерзiмдерде төлейдi. Бұл ретте жеке адам банкке Орталықтың реквизиттерiн, тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, айы, күнiн және жарна сомасын жазған хабарлама ұсынады. Егер тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген болса, онда жеке адам әлеуметтiк жеке код алу үшiн толтырған тiркеу кәртiшкесiнде тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
      15. Еңбектiң айрықша жағдайларына орай қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде, жұмыстың ақырғы нәтижелерi бойынша еңбегi үшiн сыйақы белгiленген қызметкерлер үшiн мiндеттi зейнетақы жарналары жалақы есебiнде iс жүзiнде төленген сомадан төленедi. Бұл қызметкерлер үшiн мiндеттi зейнетақы жарнасы бойынша ақырғы есеп айырысу маусым аяқталған соң жүргiзiледi."
      5. 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiлер бухгалтерлiк есеп жүргiзген кезде "Бухгалтерлiк есеп туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын және оған сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi, ал мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады."
      6. 19-тармақтың бiрiншi абзацындағы "аударылған" деген сөз "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын.
      7. 23-тармақтың бесiншi және алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
      8. 24-тармақтағы "жарнаның" деген сөзден кейiн "қандайда бiр нақты жинақтаушы қорға" деген сөздермен толықтырылсын.
      9. 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару Орталықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң МААБ-ында ашылған арналу коды "010, N 413609816, МФО 190501109 шоты арқылы жүргiзiледi.
      Төлеушi мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым арқылы төлеген кезде банкке әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша үш данада қағаз таратушыдағы төлем тапсырысын және екi данада жеке адамдардың тiзiмiн ұсынады. Төлем құжатының бiрiншi данасы мен жеке адамдар тiзiмiнiң бiрiншi данасы банкте қалады, қабылдағаны туралы банктiң белгiсi бар төлем құжатының екiншi және үшiншi данасы мен жеке адамдар тiзiмiнiң бiр данасы төлеушiге қайтарылады. Бұдан кейiн төлеушi үш жұмыс күнi iшiнде төлем тапсырысының үшiншi данасын тiркелген жерiндегi салық органына бередi.
      Төлеушiнiң банкi мiндеттi зейнетақы жарнасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасы арқылы аударған жағдайда төлеушi төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасына беретiн төлем тапсырысының қағаз таратушыдағы төртiншi данасын және жеке адамдар тiзiмiнiң үшiншi данасын банкке өткiзедi.
      Төлем тапсырыстары бағдарламалық-криптографиялық қорғау және электронды сандық қол қоюлар жүйесiн пайдалану туралы келiсiмге сәйкес байланыстың электронды арналары бойынша берiлген кезде төлеушi төлеушiнiң банкiнен, қағаз таратушыдан басылған, банк куәландырған электронды төлем тапсырысын алғаннан кейiнгi үш жұмыс күнi iшiнде оны тiркелген жерiндегi салық органына беруi қажет.
      Төлеушiлердiң қағаз таратушыда толтырған төлем құжаттарында пайдасына ақша аудару жүргiзiлетiн жинақтаушы зейнетақы қорының реквизиттерi "Төлемнiң арналуы" деген бағанада көрсетiледi.
      Жеке адамдардың тiзiмi әрбiр жеке адам бойынша әлеуметтiк жеке кодын (егер ол берiлген жағдайда), тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, айы мен күнiн, жарнаның сомасын қамтуы тиiс. Егер тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген болса, онда жеке адам әлеуметтiк код алу үшiн толтырған тiркеу кәртiшкесiнде тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
      26. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiкпен және өзге де қызметпен айналысатын жеке адам жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарнасын төлеген кезде банкке жинақтаушы зейнетақы қорының реквизиттерiн, тегiн, атын, әкесiнiң атын жазған хабарлама ұсынады. Егер тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген болса, онда жеке адам әлеуметтiк жеке код алу үшiн толтырған тiркеу кәртiшкесiнде тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi."
      10. 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Банктердiң Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен төлем жүйесiндегi жұмыстарға арналған форматтарға сәйкес жеке адамдардың тiзiмiмен қоса электрондық төлем тапсырыстарымен жүргiзiледi.
      Елуден астам қызметкерi бар заңды тұлға, осы Тәртiптiң 25-тармағының талаптарын орындаудан басқада, банкке жеке адамдардың тiзiмiмен қоса жоғарыда көрсетiлген форматта, электрондық таратушыдағы (байланыс желiлерi бойынша не магниттi таратушыларда) төлем тапсырыстарын ұсынады.
      Екiншi деңгейдегi банктерге деректердi өңдеу жөнiнде және/немесе зейнетақы жарналарын аудару жөнiнде клиенттерге ұсынылатын қызметтер үшiн банктiң iс жүзiндегi шығындарынан аспайтын мөлшерде ақы төлеу ұсынылады."
      11. 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "30. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiлер бухгалтерлiк есеп жүргiзген кезде "Бухгалтерлiк есеп туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын және оған сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi, ал мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады."
      12. 31-тармақтың бiрiншi абзацындағы "аударылған" деген сөз "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын.
      13. 49-тармақ алынып тасталсын.
      14. Мынадай мазмұндағы 54-тармақпен толықтырылсын:
      "54. Төлеушiлердiң мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуiне бақылау жасауды қамтамасыз ету үшiн Орталық күн сайын өткен күн үшiн Орталық пен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетi арасындағы келiсiмге сәйкес көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне төлеушiлер тiркелген облыстар, аудандар бойынша түскен мiндеттi зейнетақы жарналарының тiзiмдерiн, төлеушiлер тiркемелерiн және оларға қоса берiлетiн электронды төлем тапсырыстарын ұсынады."
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1997 г. N 1733

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 1998 г. N 201. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 15 марта 1999 г. N 245 ~P990245

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1997 г. N 1733 P971733_ "Об утверждении Порядка исчисления, перечисления обязательных пенсионных взносов и осуществления выплаты пенсий из Государственного центра по выплате пенсий" следующие изменения и дополнения:
      в Порядке исчисления, перечисления обязательных пенсионных взносов и осуществления выплаты пенсий из Государственного центра по выплате пенсий, утвержденном указанным постановлением:
      1. Пункт 6 дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "Уплата обязательных пенсионных взносов производится плательщиками путем безналичных расчетов со своих банковских счетов либо наличными деньгами".
      2. Пункты 9, 10 изложить в следующей редакции:
      "9. Перечисление обязательных пенсионных взносов в Центр производится на счет Центра, открытый в ГАТУ Национального Банка Республики Казахстан N 413609816, МФО 190501109, код назначения "015".
      10. При уплате обязательных пенсионных взносов в Центр в безналичном порядке плательщик представляет в банк платежное поручение на бумажном носителе в трех экземплярах. Первый экземпляр передается в банк, второй и третий экземпляры с отметкой банка о принятии возвращаются плательщику. После возвращения второго и третьего экземпляров платежного поручения плательщик в течение трех рабочих дней представляет третий экземпляр платежного поручения в налоговый орган по месту регистрации.
      В случае перечисления банком плательщика обязательных пенсионных взносов через областные (территориальные) управления Национального Банка Республики Казахстан плательщик представляет в банк дополнительно четвертый экземпляр платежного поручения на бумажном носителе, который передается банком плательщика в областные (территориальные) управления Национального Банка Республики Казахстан.
      При передаче платежным поручением по электронным каналам связи в соответствии с договором об использовании системы программно-криптографической защиты и электронной цифровой подписи плательщику необходимо в течение трех рабочих дней после получения от банка электронного платежного поручения, распечатанного на бумажном носителе и заверенного банком, представить его в налоговый орган по месту регистрации. Перечисление банками денег в Центр осуществляется электронными платежными поручениями согласно утвержденным Национальным Банком Республики Казахстан форматам для работы в платежной системе".
      3. Пункт 11 исключить.
      4. Пункты 14 и 15 изложить в следующей редакции:
      "14. Физические лица, занимающиеся предпринимательской деятельностью без образования юридического лица, уплачивают начисленную сумму взноса в сроки, установленные налоговым законодательством. При этом физическое лицо представляет в банк извещение, в котором указывает реквизиты Центра, фамилию, имя, отчество, дату рождения и сумму взноса. Если фамилия, имя или отчество изменились, то также указываются фамилия, имя или отчество, которые были заполнены физическим лицом в регистрационной карточке для присвоения социального индивидуального кода.
      15. За работников, которым в силу особых условий труда установлена на основании действующего законодательства выплата вознаграждений за труд по конечным результатам работы, обязательные пенсионные взносы уплачиваются с сумм, фактически выплаченных в счет заработной платы. Окончательный расчет по обязательным пенсионным взносам за этих работников производится после окончания сезона".
      5. Пункт 18 изложить в следующей редакции:
      "18. Плательщики обязательных пенсионных взносов при ведении бухгалтерского учета руководствуются Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, "О бухгалтерском учете" и принимаемыми в соответствии с ним нормативными правовыми актами, а при уплате обязательных пенсионных взносов также нормативными правовыми актами Национального Банка Республики Казахстан".
      6. В абзаце первом пункта 19 слово "перечисленные" заменить словом "начисленные".
      7. Абзацы пятый и шестой пункта 23 исключить.
      8. В пункте 24 после слова "взноса" дополнить словами "в какой либо конкретный накопительный фонд".
      9. Пункты 25 и 26 изложить в следующей редакции:
      "25. Перечисление обязательных пенсионных взносов в накопительные пенсионные фонды производится через счет Центра, открытый в ГАТУ Национального Банка Республики Казахстан N 413609816, МФО 190501109, код назначения "010".
      При уплате обязательных пенсионных взносов в накопительные пенсионные фонды в безналичном порядке плательщик представляет в банк по каждому накопительному пенсионному фонду платежное поручение на бумажном носителе в трех экземплярах и список физических лиц в двух экземплярах. Первый экземпляр платежного поручения и первый экземпляр списка остаются в банке, второй и третий экземпляры платежных поручений и один экземпляр списка с отметкой банка о принятии возвращаются плательщику. После этого плательщик в течение трех рабочих дней представляет третий экземпляр платежного поручения в налоговый орган по месту его регистрации.
      В случае перечисления банком плательщика обязательных пенсионных взносов через областные (территориальные) управления Национального Банка Республики Казахстан плательщик представляет в банк дополнительно четвертый экземпляр платежного поручения и третий экземпляр списка физических лиц на бумажном носителе, которые представляются банком плательщика в областные (территориальные) управления Национального Банка Республики Казахстан.
      При передаче платежных поручений по электронным каналам связи в соответствии с договором об использовании системы программно-криптографической защиты и электронной цифровой подписи плательщику необходимо в течение трех рабочих дней после получения от банка электронного платежного поручения, распечатанного на бумажном носителе и заверенного банком, представить его в налоговый орган по месту регистрации.
      В платежных поручениях, составляемых плательщиками на бумажных носителях, реквизиты накопительного пенсионного фонда, в пользу которого производится перечисление денег, указываются в графе "Назначение платежа".
      Список физических лиц должен содержать по каждому физическому лицу: социальный индивидуальный код (в случае, если он присвоен), фамилию, имя, отчество, дату рождения, сумму взноса. Если фамилия, имя, отчество изменились, то также указываются фамилия, имя, отчество, которые были заполнены физическим лицом в регистрационной карточке для присвоения социального индивидуального кода.
      26. Физическое лицо, занимающееся предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица, при уплате обязательных пенсионных взносов в накопительный пенсионный фонд представляет в банк извещение, в котором указывает реквизиты накопительного пенсионного фонда, фамилию, имя, отчество, дату рождения и сумму взноса. Если фамилия, имя или отчество изменились, то также указываются фамилия, имя или отчество, которые были заполнены физическим лицом в регистрационной карточке для присвоения социального индивидуального кода".
      10. Пункт 29 изложить в следующей редакции:
      "29. Перечисление банками денег в Центр осуществляется электронными платежными поручениями со списками физических лиц согласно утвержденным Национальным Банком Республики Казахстан форматам для работы в платежном системе.
      Юридическое лицо, имеющее численность работников более пятидесяти человек, кроме выполнения требований пункта 25 настоящего Порядка, представляет в банк платежное поручение со списком физических лиц на электронных носителях в вышеуказанном формате (по линиям связи либо на магнитных носителях).
      Рекомендовать банкам второго уровня взимать плату за предоставляемые клиентам услуги по обработке данных и/или по перечислению обязательных пенсионных взносов в размере, не превышающем фактические затраты банка".
      11. Пункт 30 изложить в следующей редакции:
      "30. Плательщики обязательных пенсионных взносов при ведении бухгалтерского учета руководствуются Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, "О бухгалтерском учете" и принимаемыми в соответствии с ним нормативными правовыми актами, а при уплате обязательных пенсионных взносов также нормативными правовыми актами Национального Банка Республики Казахстан".
      12. В абзаце первом пункта 31 слово "отчисленные" заменить словом "начисленные".
      13. Пункт 49 исключить.
      14. Дополнить пунктом 54 следующего содержания:
      "54. Для обеспечения контроля за уплатой обязательных пенсионных взносов плательщиками Центр ежедневно за прошедший день представляет Налоговому комитету Министерства финансов Республики Казахстан реестры поступивших обязательных пенсионных взносов по областям, районам регистрации плательщиков и электронные платежные поручения к ним в порядке, предусмотренном в соответствующем соглашении между Центром и Налоговым комитетом Министерства финансов Республики Казахстан".
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан