Мемлекеттiк қызметшi кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың тиiмдiлiгiн одан әрi арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру институтын (МҚҚИ) (бұдан әрi - Институт) Ақмола облысының Шортанды поселкесiне көшiрудiң кестесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Ғылым министрлiгiмен - Ғылым академиясымен және Институтпен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың 1 сәуiрiне дейiн мерзiмде Институттың филиалын ұйымдастыру үшiн Ақмола облысының Шортанды поселкесiндегi Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ балансындағы өндiрiстiк ғимараттардың, тұрғын үйлердiң және қонақ үйдiң бiр бөлiгiн Институтқа бөлу туралы мәселенi шешсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi үстiмiздегi жылдың бiрiншi тоқсанында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан Ақмола облысының Шортанды поселкесiндегi Институттың филиалының материалдық-техникалық базасын ұйымдастыруға және нығайтуға 1998 жылы Институтқа 5 (бес) миллион теңге бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп 1999-2005 жылдарға арнап Ақмола облысының Шортанды поселкесiндегi Институттың материалдық-техникалық базасын дамытуға қажеттi қаражат бөлудi көздесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 16 наурыздағы
N 220 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және
бiлiктiлiгiн арттыру институтын (МҚҚИ) көшiрудiң
КЕСТЕСI
____________________________________________________________________
Рет| Шаралар |Жауапты |Орындалу
N | |орындаушылар |мерзiмi
___|________________________________|_______________|_______________
1.|Қазақстан Республикасының |МҚҚИ, Қазақстан|1998 жылдың
|Үкiметi шешiмiнiң жобасын |Республикасы |ақпаны
|әзiрлеу |Премьер-Минис. |
| |трiнiң Кеңсесi |
| | |
2.|Ақмола облысының Шортанды |МҚҚИ |1998 жылдың
|поселкесiнде МҚҚИ филиалын | |наурыз-маусымы
|ұйымдастыру | |
3.|Филиалда мемлекеттiк қызметшi. |Бұл да |1998 жылдың
|лердi қайта даярлау мен олардың | |қыркүйегi
|бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдас. | |
|тыру | |
| | |
4.|Ақмола облысының Шортанды |МҚҚИ, Қазақстан|1999-2000
|поселкесiнде МҚҚИ-ды құру |Республикасы |жылдары
| |Премьер-Минис. |кезең-
| |трiнiң Кеңсесi |кезеңмен
| | |
5.|МҚҚИ-ды Ақмола облысының |МҚҚИ |1998 жылдың
|Шортанды поселкесiне көшiрудi | |шiлде-тамызы
|аяқтау | | ___|________________________________|_______________|_______________