Қазақстан Республикасының кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес заемды қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi, Қаржы министрлiгi мен "Bank Austria AG" арасында 1998 жылғы 4 наурызда қол қойылған Хаттама 1993 жылғы 4 қарашадағы "Рахат Палас" қонақ үйi жөнiндегi несие келiсiмiне қатысты назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi 1998 жылдың 20 наурызына дейiн "Bank Austria АG"-мен қосымша несие келiсiмiн жасау арқылы "Рахат" бiрлескен кәсiпорнының мемлекеттiк емес сыртқы заемын қайта құрылымдауды заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзсiн.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi