Тәуелсiз мемлекеттер Достастығының Үкiмет басшылары Кеңесiнiң 1994 жылғы 19 желтоқсандағы шешiмiн және "Қазақстан Республикасының әлемдiк киноның 100 жылдығына байланысты бiрлескен шараларды жүзеге асыруға қатысуы туралы", Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 18 қазандағы N 1345 қаулысын орындау мақсатында және елдегi кинематографияны одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Алматы қаласында 1998 жылдың қазанында I Халықаралық кинофестиваль өткiзу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Алматы қаласында өтетiн I Халықаралық кинофестивальдi әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң қоса берiлiп отырған құрамы бекiтiлсiн.
3. Алматы қаласында I Халықаралық кинофестивальдi өткiзу Алматы қаласының және Алматы облысының әкiмдерiне, Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiне тапсырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Алматы қаласында I Халықаралық кинофестивальдiң Бас дирекциясын құратын болсын, осы шараны әзiрлеу мен өткiзу жоспарын бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алматы қаласында өтетiн I Халықаралық кинофестивальдi 1998 жылға арналған республикалық бюджетте "Мәдениет саласындағы демалыс пен қызметтi ұйымдастыру" деген 08 функционалдық топ бойынша көзделген қаражат шегiнде қаржыландырылсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi Алматы қаласында өтетiн I Халықаралық кинофестивальдi өткiзу үшiн Алматы қаласында өтетiн I Халықаралық кинофестивальдi өткiзуге тiкелей байланысты, уақытша Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн кинофильмдердi, ақпараттық-жарнамалық және басқа да өнiмдердi баж төлеуден босататын болсын.
7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Алматы
қаласында өтетiн I Халықаралық кинофестивальге қатысушыларды визалық
қолдауға жәрдемдессiн.
8. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi Алматы қаласында өтетiн I Халықаралық кинофестивальдi
бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялауды ұйымдастырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 19 наурыздағы
N 236 Қаулысымен
бекiтiлген
Алматы қаласында өтетiн I Халықаралық кинофестивальдi
әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi Ұйымдастыру комитетiнiң
ҚҰРАМЫ
Балғымбаев Н.Ө. - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi, төраға
Көшербаев Қ.Е. - Қазақстан Республикасының
Бiлiм, мәдениет және
денсаулық сақтау министрi,
төрағаның орынбасары
Храпунов В.В. - Алматы қаласының әкiмi,
төрағаның орынбасары
Нұрқадiлов З.Қ. - Алматы облысының әкiмi,
төрағаның орынбасары
Арын Е.М. - Қазақстан Республикасы Бiлiм,
мәдениет және денсаулық
сақтау вице-министрi
Әшiмов А. - "Елiм-ай" кино-шаруашылығы
бiрлестiгiнiң президентi
Бектұров Р. - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ
президентi
Бүркiтбаев С.М. - "Қазақтелеком" ААҚ президентi
Жақсыбеков А.Р. - Ақмола қаласының әкiмi
Ертiлесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасының
Қаржы бiрiншi вице-министрi
Ыбрайымбеков Р. - ТМД және Балтық елдерiнiң
Кинематографистер одағы
конференциясының тең төрағасы
Қалиев Е.Ж. - Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар
министрi
Қасейiнов Д.Қ. - Қазақстан Республикасының Бiлiм,
мәдениет және денсаулық
сақтау министрлiгi Мәдениет
комитетiнiң төрағасы
Қасымов Ғ.Е. - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
Кеден комитетiнiң төрағасы
Күзембаева Г.Л. - "Гала-ТВ" продюссерлiк
фирмасының басшысы
Михалков Н.С. - ТМД және Балтық елдерi
Кинематографистер одағы
конфедерациясының тең төрағасы
Назарбаева Д.Н. - "Хабар Агенттiгi" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорнының
бас директоры
Рымжанов О.М. - Қазақстан Республикасы
Ұлттық кинематография
орталығының төрағасы
Сәрсембаев Н. - Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары
Сәрсенбаев А.С. - Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
келiсiм министрi
Сарыбаев Қ.Ш. - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң баспасөз хатшысы,
баспасөз қызметiнiң жетекшiсi
Сатыбалдиев Е.А. - "Қазақстан теледидары және
радиосы республикалық
корпорациясының" президентi
Сүлейменов Қ.Ш. - Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрi
Тоқаев Қ.К. - Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi