"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңына және "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының 1998 жылға арналған бюджетi қосымшаға сәйкес кiрiстер мен шығыстар бойынша 9646761,0 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстардың, Алматы қаласының және астананың әкiмдерi Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi
Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына мiндеттi әлеуметтiк
сақтандыру жарналарының толық және уақтылы жиналуын қамтамасыз етсiн.
4. Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры қаражатының
мақсатты пайдалануына бақылау жасау оның басқармасы мен тексеру
комиссиясына жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 25 наурыздағы
N 259 қаулысына
қосымша
Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
қорының 1998 жылға арналған бюджетi
мың теңге
I.Кiрiстер 9646761
1. Жұмыс берушiлердiң мiндеттi
сақтандыру жарнасы 8520000
Оның iшiнде:
- бюджеттiк ұйымдарды
есептемегенде (2,0%) 7680000
- бюджеттiк ұйымдардiкi (1,0%) 840000
2. Өткен жылдардағы берешектердi
өтеудiң есебiне түсетiн қаражат 1000000
3. Халықаралық Қайта жаңарту және
Даму Банкi займының түсуi 56261
4. Шетелдiк жұмыс күшiнiң әкелiнуi
үшiн өтемақылық түсiм 70500
II. Шығыстар 9646761
1. Жұмыссыздық бойынша
жәрдемақылар төлеу 5768020
2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау,
қайта даярлау және бiлiктiлiгiн
арттыру 683796
3. Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру 198000
4. Мүгедектерге жабдықтар мен
құрал-жарақтар сатып алуға
арналған шығындарды өтеу 50000
5. Жаңа жұмыс орындарын құруды,
жеке кәсiпкерлiктi дамытуды
қолдау және шағын несиелендiру 1843000
оның iшiнде "Шағын несие" үкiметтiк
емес ұйымының аппаратын ұстауға 3000
6. Халықпен және жұмыс берушiлермен
ақпараттық-анықтамалық жұмысқа 54115
арналған шығындар
7. Екiншi деңгейдегi банктердiң
қызмет көрсетулерi 132141
8. Жұмыспен қамту қызметiн ұстау 856200
- оның iшiнде:
әкiмшiлiк ғимаратты қайта жаңарту
және күрделi жөндеу 170000
аумақтарды жайластыру және жиhаздар
алу 40000
9. Қызметкерлердi материалдық
қамтамасыз етуге, оқытуға,
Халықаралық Қайта жаңарту және
Даму Банкiнiң займына сәйкес
қызметкерлердiң қызмет көрсету.
лерiне, консультанттардың
қызмет көрсетулерiне арналған
шығындар 56261
10. Халықаралық Қайта жаңарту және
Даму Банкiнiң займын
пайдаланғаны үшiн сыйақы
(мүдде) төлеу 3938
11. Жұмыссыздарды жерлеуге
жәрдемақылар төлеу 1290
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.29. N 1358
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі