Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының 1998 жылға арналған бюджетi:
кiрiстер бойынша - 7020,0 млн. теңге;
шығыстар бойынша - 7020,0 млн. теңге болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының 1998 жылға арналған бюджетiнiң кiрiстерi заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi сақтандыру жарналарының және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген өзге де көздердiң есебiнен қалыптастырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi осы қаулыға қосымшада көрсетiлген жәрдемақыларды төлеу жүргiзiлгеннен кейiн облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша Әлеуметтiк сақтандыру қорына түскен қаражаттың қалдығын, кейiннен оларды аймақтар бойынша қайта бөлу үшiн, орталықтандырсын.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына сақтандыру жарналарының толық және уақытылы жиналуын қамтамасыз етсiн.
6. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қаржы
министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi
агенттiгi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi
медициналық сақтандыру қоры 1998 жылдың 1 мамырына дейiн мерзiмде
Қазақстан Республикасының Үкiметiне еңбекке қабiлетсiздiгi
парақтарына ақы төлеудiң жүйесiн реформалау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 25 наурыздағы
N 260 Қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк
сақтандыру қорының 1998 жылға арналған бюджетi
КIРIСТЕР
млн. теңге
1. Заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк
және өзге де қызметпен айналысатын
заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi
сақтандыру жарналарынан аударым 7020,0
КIРIСТЕР ЖИЫНЫ 7020,0
ШЫҒЫСТАР
1. Уақытша еңбекке қабiлетсiздiгi
жөнiндегi жәрдемақы 3150,1
2. Жүктiлiгi және босануы бойынша
жәрдемақы 3427,4
3. Бала туған кездегi жәрдемақы 170,9
4. Жерлеуге арналған жәрдемақы 171,6
5. Сауықтыру қызметтерi 100,0
ШЫҒЫСТАР ЖИЫНЫ 7020,0