Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1732 P971732_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ережеде: 16-тармақтың күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi