Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 125 жылдығын мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 ақпандағы N 150 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 6, 44-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған қаулының қосымшасында:
мерейтой комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қ.Е.Көшербаев - Қазақстан Республикасының Бiлiм,
мәдениет және денсаулық сақтау
министрi, комиссия төрағасы болып
А.Қ.Бижанов - Қазақстан Республикасы Президентi
Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Ж.Мұқашев - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi
Д.К.Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Бiлiм,
мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгi Мәдениет комитетiнiң
төрағасы
Ә.Р.Жақсыбеков - Ақмола қаласының әкiмi
В.В.Храпунов - Алматы қаласының әкiмi
Т.Т.Қадамбаев - Қостанай облысының әкiмi
И.Н.Тасмағамбетов, Т.А.Мамашев, М.Ж.Жұрынов, Р.Қ.Тоқсейiтов, В.А.Брынкин, Ш.Қ.Құлмаханов, О.Б.Мұхамеджанов аталған құрамнан шығарылсын.
"Сәрсенбаев А.С. - Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"А.С.Сәрсенбаев - Қазақстан Республикасының Ақпарат және
қоғамдық келiсiм министрi".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi