Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1997 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда-экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылданған шешiм туралы Түркия тарапын хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының
Үкiметi арасындағы Сауда-экономикалық және техникалық
ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
(2000 жылғы 22 мамырда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi (бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын)
- Қазақстан Республикасының саяси және экономикалық жүйесiнде болып өткен түпкiлiктi өзгерiстердi және Қазақстанның дүниежүзiлiк экономикалық қоғамдастыққа кiру ниетiн назарға ала отырып;
- теңдестiрiлген негiзде және өзара пайда мен елдер арасындағы достық әрi бауырластық қарым-қатынастар негiзiнде дамып келе жатқан сауда-экономикалық және техникалық ынтымақтастықты одан әрi нығайтуға сенiм бiлдiре отырып;
- халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiне сәйкес сауда, экономикалық және техникалық ынтымақтастықты дамытуға және осы ынтымақтастықтың тұрақтылық, теңдiк әрi ұзақ мерзiмдiк сапасына ие болуға ұмтыла отырып,
төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
I Бап
Уағдаласушы Тараптар кедендiк экспорт-импорт салықтарына және барлық мүмкiн баждар мен алымдарға қатысты бiр-бiрiне мейлiнше қолайлы елдiң принципiн қолданатын болады.
Осы пара ережелерiнiң:
1. Көршiлес елдерге шекараға және жағалауға жақын жерлерде сауданы жеңiлдету үшiн жасалған преференцияларға;
2. Уағдаласушы Тараптар кедендiк одаққа немесе еркiн экономика аймағын құруға қатысы бар шарттарға қатысушылар болып табылатын немесе болатын шарттардан туындайтын преференцияларға;
3. Уағдаласушы Тараптардың Сауда және кедендiк тарифтер туралы жалпы шартқа (GAAT) немесе басқа да халықаралық шарттарға сәйкес қайсы бiр дамушы елге жасаған немесе жасайтын преференцияларға күшi жүрмейдi.
II Бап
Уағдаласушы Тараптар өздерiне бар мүмкiндiктер мен ұлттық заңдар шеңберiнде олардың экономикалық потенциалдарымен қамтамасыз етiлетiн артықшылықтарды пайдалана отырып, сауда, экономика және техника салаларын қамтитын ұзақ мерзiмдi және тұрақты ынтымақтастық дамыту үшiн барлық мүмкiн күш-жiгерлердi жұмылдырады.
III Бап
Уағдаласушы Тараптар халықаралық саудада қолданылатын принциптер және ережелер шеңберiнде ұзақ мерзiмдi және теңестiрiлген сауданың көлемiн ұлғайту, тарату және алуан түрлiлiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды.
IV Бап
Уағдаласушы Тараптар екi ел арасындағы сауда-экономикалық қызметтi дамытуда банк секторының маңызын атай отырып, банктердiң қазiргi заманғы халықаралық банк стандарттарына қол жеткiзудi қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастығын қолдайтын болады.
V Бап
Уағдаласушы Тараптар өзаралық сауданы дамыту мақсатымен сауда-экономикалық ақпаратпен алмасу үшiн қолайлы жағдайларды жасау, жұмыс байланыстарын және сауда делегацияларымен алмасуды қолдау, сондай-ақ олардың елдерiнде ұйымдастырылатын халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге және басқа да сауда-танысу iс-шараларына ұйымдар мен фирмалардың қатысуы жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайтын болады.
VI Бап
Уағдаласушы Тараптар ұлттық заңдарға сәйкес олардың елдерiне коммерциялық емес мақсаттарда көрмелерде көрсету үшiн әкелiнген экспонаттар мен тауарларды кедендiк салықтардан, алымдардан және баждардан босату жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды.
VII Бап
Уағдаласушы Тараптар сауданың халықаралық нормалары мен ережелерiне сәйкес осы Келiсiмнiң және екi елдiң қолданыстағы заңдарының шеңберiнде екi елдiң фирмалары мен ұйымдарының арасында қол қойылған келiсiмдерге сай тауарлардың, қызметтердiң және бiрлескен қызметтiң басталған қозғалысын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
VIII Бап
Осы Келiсiмнiң қолданысы кезiнде қол қойылған сауда келiсiмдерiне, бiрақ олар бойынша осы кезеңнiң iшiнде мiндеттемелер орындалмаған, осы Келiсiмнiң ережелерi қолданылады.
Осы Келiсiмге сәйкес сауда қатынастарында тұрған қазақстандық және түрiк фирмаларының арасында туындауы мүмкiн пiкiр алшақтықтары тараптардың арасында жасалған шарттардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар анықтаған халықаралық нормалар мен ережелердiң шеңберiнде шешiлетiн болады.
IХ Бап
Уағдаласушы Тараптар қолданыстағы заңдардың шеңберiнде Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң елiнен екiншi Уағдаласушы Тараптың елiне немесе үшiншi бiр елдерге жөнелтiлетiн тауарлардың автомобильдiк, темiржол, теңiз және әуе жолдарымен не болмаса үшiншi елде оларды тасымалдау кезiнде жөнелтiлген жүктiң өтуiне көмек көрсететiн болады.
Х Бап
Экономика және сауда қатынастарымен байланысты төлемдер, егер басқа бiр тәртiп көзделмеген болса, әр елдiң халықаралық рынокта қабылданған нормаларға сәйкес қолданыстағы заңдарының шеңберiнде және еркiн өтiмдi валютада жүргiзiледi.
ХI Бап
Уағдаласушы Тараптар инвестициялар мен технологиялар саласында өз елдерiне және үшiншi елдердiң рыноктарында бiрлескен кәсiпорындар құру жолымен елдер арасындағы ынтымақтастықты қолдайтын болады.
ХII Бап
Уағдаласушы Тараптар олардың елдерiндегi мұнай, табиғи газ ресурстарын және энергияның басқа да көздерiн дамыту, олардың өндiрiсi, тасымалдау, маркетинг саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнiнде және әрбiр елдiң iшiнде немесе үшiншi елдерде бар әрi болуы мүмкiн жобаларға бiрлескен кәсiпорындарды құру жолымен қатысу мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайтын болады, осы мақсаттарда мүдделi ұйымдар мен кәсiпорындарға қолдау көрсетедi.
ХIII Бап
Уағдаласушы Тараптар өзара экономикалық қатынастарда құрылыс-мердiгерлiк сектордың алып отырған маңызды рөлiн ескере отырып, осы саладағы жүргiзiп отырған ынтымақтастыққа барлық мүмкiн қолдауды қамтамасыз ететiн болады және осы мақсаттарда мүдделi ұйымдар мен кәсiпорындарға қолайлы жағдай жасайды.
ХIV Бап
Уағдаласушы Тараптар қалғандарымен бiрге келесi салаларда ынтымақтастықтың мүмкiн аудандарын белгiледi:
- ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсiбi;
- тамақ өнеркәсiбi үшiн машиналар мен механизмдердiң өндiрiсi;
- машина инженериясы мен металдарды өңдеу;
- ақпараттық жүйелер мен коммуникациялар;
- көлiк;
- туризм;
- тау-кен өнеркәсiбi; (әсiресе алтын өндiрiсi)
- кеме жасау;
- темiр жол үшiн жабдық өндiрiсi.
ХV Бап
Уағдаласушы Тараптар екi елдiң стандарттау мекемелерiнiң арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатымен мүдделi ұйымдарды қолдайтын болады.
ХVI Бап
Уағдаласушы Тараптар оқыту-үйрету, техникалық ынтымақтастық, метеорология саласында елдер арасындағы мамандармен алмасудың мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету жөнiнде күш-жiгерлерiн жұмылдырады.
ХVII Бап
Уағдаласушы Тараптар алдындағы қатарлы технологиялық мүмкiндiктердi қолдану жолымен елдер арасында радио және телехабарларды тарату және коммуникациялар желiсiн дамытуға қолдау көрсететiн болады.
ХVIII Бап
Уағдаласушы Тараптар сауда, экономика және техникалық ынтымақтастық салаларының осы Келiсiммен қамтылған барлық мүмкiн басқаларын да екi жақты қарым-қатынастардың ең жоғары деңгейiнде дамыту жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайтын болады.
ХIХ Бап
Осы Шарт Уағдаласушы Тараптардың қолданыстағы екi жақты немесе көп жақты халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттерiне әсерiн тигiзбейдi.
ХХ Бап
Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Бiрлескен экономикалық комиссияны құру туралы хаттаманың 1-бабына сәйкес Қазақстан-Түрiк Бiрлескен Үкiметаралық Экономикалық Комиссияның осы Шарттың орындалу барысын бақылауға, оны орындау барысында туындауы мүмкiн проблемаларды қарауға және екi жақты сауда, экономикалық және техникалық ынтымақтастықты одан да нығайта түсуге өкiлеттi екенiн қуаттады.
ХХI Бап
Осы Шарттың шеңберiнде ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында, қажет болған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар өзаралық уағдаластықтың негiзiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады. Енгiзiлген өзгерiстер және олар қолданысқа енген күннен бұрынырақ осы Шарттың қолданысының аяқталуы осы Шарттан туындайтын құқықтар мен мiндеттерге әсерiн тигiзбейдi.
ХХII Бап
Осы Шарт қажеттi iшкi мемлекеттiк процедуралардың аяқталғаны туралы дипломатиялық арналар бойынша тараптар хабарлаған күннен бастап күшiне енедi және бес жыл iшiнде қолданыста болады.
Егер осы Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн 6 ай бұрын Уағдаласушы Тараптардың бiрi оның қолданысын аяқтайтын ниетi туралы екiншiсiне жазбаша хабар бермесе, осы Шарт әрбiр ретте бiр жылға өздiгiнен ұзартылады.
Осы Келiсiм екi дана болып, қазақ, түрiк және ағылшын тiлдерiнде жасалды, әрқайсысының бiрдей заң күшi бар және Алматы қаласында 1997 жылғы 10 қыркүйекте қол қойылды.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтықтары туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн