Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 P980484_ қаулысымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат берудiң тәртiбi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "АБС Балхаш" Тау-кен-руда компаниясы" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамына "ТұранӘлем Банкi" акционерлiк қоғамына "АБС Балхаш" Тау-кен-руда компаниясы" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамына Жамбыл облысының Мыңарал кен орнының құрамында алтыны бар рудасын өндiруге
арналған 1997 жылғы 4 желтоқсандағы МГ сериялы N 148Д лицензиямен
берiлген жер қойнауын пайдалану құқығын кепiл ретiнде беруге рұқсат
етiлсiн.
Бұл рұқсаттың күшiнде болу мерзiмi - алты ай.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне
жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi