Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiн (бұдан әрi - Банк) дамытудың перспективаларын айқындау мақсатында, оның әлеуметтiк маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Акционерлiк Халықтық жинақ Банкiмен келiсе отырып, екi апталық мерзiм iшiнде Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiн кезең-кезеңмен жекешелендiрудiң 1997-2001 жылдарға арналған бағдарламасына толықтырулар мен өзгерiстердi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру департаментi 1998 жылдың 10 шiлдесiне дейiн заңдарда белгiленген тәртiппен Банк акционерлерiнiң жалпы жиналысын шақырсын және онда мынадай мәселелердi қарасын:
1311900000 (бiр миллиард үш жүз он бiр миллион тоғыз жүз мың) теңге сомасына Банктiң акцияларының үшiншi эмиссиясын тiркеу және орналастыру жолымен Банктiң жарғылық капиталын арттыру туралы;
акциялардың мемлекеттiк пакетiн Банктiң 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн құралған пайдасын капиталдандырудың есебiнен 1010700000 (бiр миллиард он миллион жетi жүз мың) теңге сомасына арттыру туралы;
бiр акция үшiн ең жоғары баға деген өлшем бойынша отандық инвесторлардың арасында тендер өткiзу арқылы сатудан түскен пайданы Банктiң капиталына бағыттай отырып, 301200000 (үш жүз миллион екi жүз мың) теңге сомасына жарғылық капиталдың 10%-i мөлшерiндегi Банк акцияларының үшiншi эмиссиясының бiр бөлiгiн сату туралы;
тендердi ұйымдастыруды ведомствоаралық комиссияға жүктеу туралы;
Банктiң үшiншi эмиссиясының акцияларын сату жөнiнде тендер
өткiзу жөнiндегi Комиссияның ұсынылып отырған ережесi мен жеке
құрамын (қоса берiлiп отыр) бекiту туралы.
3.
ЕСКЕРТУ. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1998.12.06. N 1247 қаулысымен.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң кейбiр
мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6
мамырдағы N 402 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 мамырдағы N 402
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 мамырдағы N 487 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 18 маусымдағы
N 559 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң үшiншi
эмиссиясының акцияларын сату бойынша тендер өткiзу
жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң үшiншi эмиссиясының акцияларын сату бойынша тендер өткiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң акцияларының сатылатын пакетiн сатып алу құқығына алуға қажеттi талаптарға жауап беретiн инвесторды айқындау үшiн бiлiктi отандық инвесторлардың арасында тендер өткiзу мақсатында құрылады.
2. Комиссия алқалы орган болып табылады. Комиссияның құрамына
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Ұлттық Банкiнiң
(келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының (келiсiм бойынша), басқа да мемлекеттiк
органдардың және Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң
өкiлдерi кiредi.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын
басшылыққа алады.
II. Комиссияның функциялары
4. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi шешу үшiн мынадай
функцияларды жүзеге асырады:
1) акциялардың бастапқы құнынан төмен болмайтын бастапқы
бағасын бекiтедi;
2) бiлiктi отандық инвесторларды тендерге жiберудiң шарттарын,
оның iшiнде:
отандық инвестордың жарғылық капиталында шетелдiк қатысушының
болмауын;
қатысушының, сатылатын акцияларды сатып алған жағдайда, меншiк иесi құқығын алған күннен бастап оларды алты айдың iшiнде оқшауламау мiндеттемесiн белгiлейдi;
3) тендердi өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды;
4) тендерге қатысуға рұқсат етiлген бiлiктi отандық инвесторлардың арасында тендер өткiзедi;
5) тендердiң жеңiмпазын айқындайды;
6) тендердi өткiзудiң нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдейдi.
5. Комиссияның:
тендерге қатысуға рұқсат берiлген отандық инвесторлардан қосымша ақпарат алуға;
Комиссияның жұмысына сарапшыларды, мамандандырылған консалтингтiк және өзге де ұйымдарды тартуға;
өз құзыретiнiң шегiнде Комиссия шешiмдерiнiң орындалуына бақылау мен тексеру жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.
III. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссияны оның қызметiне басшылық жасайтын, жұмысын ұйымдастыратын Төраға басқарады.
7. Комиссияның атаулы құрамын Банк акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.
8. Комиссияның мәжiлiсi Комиссия төрағасының бастамашылығы бойынша немесе Комиссия мүшелерiнiң басым көпшiлiгiнiң талап етуi бойынша шақырылады. Комиссияның мәжiлiсi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып табылады.
9. Комиссияның әр мүшесiнiң бiр дауысы болады.
10. Комиссияның шешiмi қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң
жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған
жағдайда, Төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Комиссияның мүшесi
Комиссия қабылдаған шешiмiмен келiспеген жағдайда, ол өзiнiң ерекше
пiкiрiн баяндауға құқылы.
Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға
Комиссияның мәжiлiске қатысып отырған барлық мүшелерi қол қояды.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 19 маусымдағы
N 559 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң үшiншi
эмиссиясының акцияларын сату бойынша жабық тендер
өткiзу жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ержанов О.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi, комиссияның төрағасы
Дауылбаев А.К. - Қазақстан Республикасының Әдiлет
вице-министрi
Ыдырысов А.Т. - Қазақстан Акционерлiк Халықтық
Жинақ Банкi басқармасы төрағасының
бiрiншi орынбасары
Кулинов У.Д. - Қазақстан Республикасының Бағалы
қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясының атқарушы директоры-
мүшесi (келiсiм бойынша)
Нәлiбаев А.З. - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Сәрсенбаев Н.А. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар жөнiндегi
агенттiгi төрағасының орынбасары
Утепов Э.К. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру департаментi
директорының бiрiншi орынбасары