Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны "Медетшi қор" шаруашылық жүргiзу құқындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Медетшi қор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi екi апталық мерзiм iшiнде "Медетшi қор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғысын бекiтсiн, оны мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн және осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 наурыздағы N 359 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 122-құжат);
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң жарғысын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 907 қаулысы.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр