Мiрғалымсай кен орнын 13 көкжиектен жоғары су басуға жол бермеу және Кентау қаласының тұрғын үй қоры ауданында жерүстi қабатының қозғалуына байланысты туындауы ықтимал төтенше оқиғалардың алдын алу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше оқиғаларды жоюды қоса алғанда, төтенше оқиғалар мен шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан Мiрғалымсай кен орнын 13 көкжиектен жоғары су басуының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге және жерүстi қондырғыларының сақталуын қадағалау жөнiндегi шаралар кешенiн орындауға 10 (он) млн. теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi