Оман Сұлтандығы Үкiметiнiң Астана қаласында құрылыс салуға
арналған грантын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Оман Сұлтандығы
Үкiметiнiң грантын беру туралы келiсiмге қол қойсын;
2) грантқа банктiк қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi төлемдердi
республикалық бюджет қаражатының есебiнен қарастырсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Оман
Сұлтандығы Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында
ноталар алмасуды жүргiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi