Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнде кезек күттiрмейтiн өмiрлiк маңызы бар шараларды жүргiзу және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Ерекшелiк ретiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiне пайдаланылған электр энергиясы үшiн ақы төлеу жөнiндегi берешектi өтеу үшiн 250 (екi жүз елу) млн. теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi