"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Изотоп" ғылыми-өндірістік-коммерциялық, бірлестігіне 1998 жылы:
1997 жылғы 22 желтоқсанда "Маяк" өндірістік бірлестігімен, Ресей, жасалған N 398/07622740/45734 (99 дана, 0,01 Ки, 29100 АҚШ доллары, ТМД СЭҚ ТН бойынша тауардың коды - 284420);
1997 жылғы 10 қарашада "Маяк" өндірістік бірлестігімен, Ресей, жасалған N 398/07622740/45729 (477 дана, 44200 Ки, 198400 АҚШ доллары, ТМД СЭҚ, ТН бойынша тауардың коды - 284440);
1998 жылғы 17 наурызда "Техснабэкспорт" сыртқы экономикалық акционерлік қоғамымен, Ресей, жасалған N 08843672/80106-02 (490 дана,
10.09 Ки, 200 000 АҚШ доллары, ТМД СЭҚ, ТН бойынша тауардың коды - 284440);
1998 жылғы 17 наурызда Санкт-Петербургтың "Изотоп" кәсіпорнымен, Ресей, жасалған N 398/08625202 (52 дана, 0.6 Ки, 427200 Ресей рублі, ТМД СЭҚ, ТН бойынша тауардың коды - 284440) келісім шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасына 38.2 млн. теңге (498.7 мың АҚШ доллары) сомасына жалпы белсенділігі 44210.7 Кюри, саны 1118 дана (орама) радиоизотопты өнімдерді әкелуге рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі белгіленген тәртіппен "Изотоп" ғылыми-өндірістік-коммерциялық
бірлестігіне өнімдердің көлемін әкелуге лицензиялар берсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөніндегі
комитетіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі