"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне Чех Республикасынан "Банзай ЛТД" чех компаниясының Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тегін беретін, қосымшаға сәйкес оқ-дәрісімен және керек-жарағымен қару әкелуге рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензия берсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің»1998 жылғы
5 тамыз
N 744 қаулысына
қосымша
Қарудың, оқ-дәрілер мен керек-жарақтың тізбесі
1. Тапаншалар СЭҚ ТН
ЧЗ 75 Б 9мм "Люгер" тапаншасы - 75 бірлік 930300100
ЧЗ 75 Д 9мм "Люгер" тапаншасы - 30 бірлік бұл да
ЧЗ 83 7,65 мм Браунинг - 20 бірлік 930200900
ЧЗ 100 9 мм "Люгер" тапаншасы - 10 бірлік 930200100
2. Оқ-дәрілер
9 мм "Люгер" патрондары - 35 000 дана 930630100
7,65 мм Браунинг патрондары - 10 000 дана бұл да
3. Тапаншалардың керек-жарақтары
ЧЗ 75 Б арналған оққалта - 32 дана 930510000
ЧЗ 75 Д арналған оққалта - 30 дана бұл да
ЧЗ 83 7,65 Браунингке арналған оққалта - 15 дана бұл да
ЧЗ 100 9 мм "Люгер" арналған оққалта - 10 дана бұл да
Ағаш саптар - 81 дана бұл да
ЧЗ 75 арналған резеңке саптар - 35 дана бұл да
Тритий көздегіш - 24 дана бұл да
Тритий қарауыл - 61 дана бұл да
4. Тапанша қаптары
ЧЗ 75 арналған 4202
НО 249 қолтықтың астынан тағылатын - 30 дана бұл да
ЧЗ 100 арналған бұл да
НО 202-5 белге тағылатын - 10 дана бұл да
НО 208-3 белге тағылатын - 1 дана бұл да
НО 218-1 қолтықтың астынан көлденең - 4 дана бұл да
тағылатын
Қызметтік белдік 9 жиынтық бұл да