"Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарды жасасудың тәртiбi туралы және Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат берудiң тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 P980484_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Алтын-Арқа" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Шығыс Қазақстан облысындағы Жерек кен орнын игеруге 1997 жылғы 28 мамырдағы МГ сериясы N 107 Д Лицензиясымен берiлген кен қойнауын пайдалану құқығын кепiл ретiнде "Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi" мемлекеттiк
кәсiпорнына беруге рұқсат етiлсiн.
Осы рұқсаттың қолданылу мерзiмi - алты ай.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне
жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi