Мемлекеттiк қызмет жүйесiн жетiлдiру, мемлекеттiк органдар мен бюджеттiк ұйымдардың құрылымы мен функциясын ұтымды ету мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Мемлекеттiк қызметтi реформалау жөнiндегi комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын және оның құрамы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Комиссияның бiрiншi кезектегi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн:
орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда функционалдық талдау және мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерi санағының нәтижелерiне талдау жүргiзу ұйымдастыру;
мемлекеттiк функциялар мен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн орталықсыздандыру жөнiнде, сондай-ақ бюджеттiк ұйымдарды қаржыландырудың функциялары мен тетiгiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.
3. Хатшылық - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң секторы ретiнде Комиссияның жұмыс органы болып табылады
деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы
үш адам санында Комиссияның хатшылығын қалыптастырсын.
4. Комиссия тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне өз
құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзетiн
болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 20 тамыздағы
N 798 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Мемлекеттiк қызметтi
реформалау жөнiндегi комиссиясының құрамы
Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң бiрiншi
орынбасары, Комиссияның
төрағасы
Байменов Әлихан Мұхамедияұлы - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
басшысы, Комиссия төрағасының
орынбасары
Әбiлғазин Данияр Рүстемұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
департаментiнiң директоры
Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы - Астана қаласының әкiмi
Жақиянов Ғалымжан Бәдiлжанұлы - Павлодар облысының әкiмi
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрi
Қуанғанов Фархат Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттi.
гiнiң басқарма бастығы
(келiсiм бойынша)
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
Мұхамеджанов Бауыржан Әлiмұлы - Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрi
Рау Альберт Павлович - Лисаков арнайы экономикалық
аймағы әкiмшiлiк кеңесiнiң
төрағасы
Сапарбаев Бердiбек Мәшбекұлы - Қызылорда облысының әкiмi
Судьин Александр Сергеевич - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгi
Мемлекеттiк қызмет және кадр
саясаты бөлiмiнiң меңгерушiсi
Нұр-Ахмет-Досмұхамед - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi бiрiншi
орынбасарының кеңесшiсi,
Комиссияның хатшысы