Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1998 жылдың 7 мамырында Пекинде қол қойылған Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мен Қытай Халық Республикасы Туризм iстерi жөнiндегi мемлекеттiк басқармасының арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мен Қытай Халық Республикасы Туризм iстерi жөнiндегi мемлекеттiк басқармасы арасындағы туризм саласы бойынша ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мен Қытай Халық Республикасы Туризм iстерi жөнiндегi мемлекеттiк басқармасы екi ел халықтарының арасындағы достық қарым-қатынасқа жәрдемдесу және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-бап
Тараптар iшкi заңдар жиынтығына сәйкес өзара тиiмдi негiзде туризм саласы бойынша екi мемлекеттiң арасындағы ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.
2-бап
Тараптар туристiк ведомстволар мен туристiк компаниялардың
ынтымақтастық саласын кеңейту бойынша талабына қолдау көрсетедi, оның iшiнде: - мекемелер мен туристерге қызмет көрсетушiлер арасындағы мақсатқа бағытталған ынтымақтастыққа жәрдемдеседi; - құрылыс, реконструкция жұмыстарын басқаруға және инвестициялауға, сонымен қатар қонақ үй, ресторан тағы басқа туристiк объектiлердi басқарудағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседi. 3-бап Тараптар шекара маңындағы туризмдi үздiксiз және жақсы дамытуға жәрдемдесу үшiн бiрге шаралар қабылдауға келiседi. 4-бап Тараптар "Ұлы Жiбек жолы" туристiк объектiсiн ашу және дамыту iсiнде ынтымақтасуға келiседi. 5-бап Тараптар туризм туралы статистикалық және басқа ақпараттармен алмасуға келiседi, атап айтсақ: - елге келген және елден кеткен туристердiң саны және туризмнiң құрылымы жөнiнде; - туризмдi дамыту жоспары жөнiнде; - туризмнiң заңдар жиынтығы мен критериялары жөнiнде. 6-бап Тараптар туризм саласы бойынша мамандарды дайындаудағы ынтымақтастық пен ғылыми қызметкерлер мен делегациялармен өзара алмасуды ұйымдастыруды жүргiзуге келiстi. 7-бап Тараптар iргелес елдiң туристерiне қолайлы жағдай жасау үшiн шекаралық, кедендiк бақылау және визалық нысандылық бойынша жеңiлдiктер жасауға жәрдемдеседi. 8-бап Тараптар осы елде iргелес елдiң туристiк өкiлдiктерiн ашу кезiнде жағдай жасайды. 9-бап
Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап күшiне ендi және бес жыл бойы қолданыста болады. Егер алты айға дейiн бiр тарап екiншi тарапты осы келiсiмнiң күшiн жою туралы жазбаша түрде хабарландырмаса, онда ол автоматты түрде келесi бес жылға созылады. Осы келiсiмге өзгертулер мен толықтыруларды енгiзу жеке екiжақтық
кеңес жолымен жүзеге асырылады. Пекин қаласында 1998 жылдың 7 мамырда екi түпнұсқа данада, қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде жасалды, барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң баптарын түсiндiруге келiспеушiлiк туындаған кезде, орыс тiлiндегi мәтiн басшылыққа алынады. Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасы Бiлiм, мәдениет және Туризм iстерi жөнiндегi денсаулық сақтау мемлекеттiк басқармасы министрлiгi үшiн үшiн