"Қарағандышахтакөмiр" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының таратылған шахталар қызметкерлерiнiң денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу сомаларын төлеу жөнiндегi берешектердiң проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiгi" акционерлiк қоғамына осы мақсаттар үшiн республикалық бюджетте 1998 жылға несиелеуге көзделген қаржы есебiнен 100 (жүз) млн. теңге бөлсiн.
2. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiгi" акционерлiк қоғамы аталған қаржыны процентсiз несие нысанында "Қарағандышахтакөмiр" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының шотына аударсын және тиiстi шарт жасасу жолымен оның қайтарымын қамтамасыз етсiн.
3. "Қарағандышахтакөмiр" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының
тарату комиссиясына 1997 жылғы тамыздан бастап 1998 жылғы маусымды
қоса алған кезеңде таратылған шахталар жұмысшыларының денсаулығына
келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi берешектердi төлеудi жүргiзу
тапсырылсын.
4. Қаржының мақсатқа сай жұмсалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi