"Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарды жасасудың тәртiбi туралы және Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат берудiң тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 P980484_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1."Андас-Алтын" тау-кен компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне Қазақстан Республикасының Үкiметi 1995 жылғы 10 қаңтарда берген, Шығыс Қазақстан облысының Орталық - Мұқыр кен орнын өндiруге арналған, сериясы МГ N 102 Д (алтын) лицензиясымен берiлген жер қойнауын пайдалану құқығын кепiл ретiнде "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамына беруге рұқсат етiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және ол қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты айдың iшiнде кепiл шарты жасалмаған жағдайда күшiн жояды.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi