Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 16 қыркүйек N 900

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы тұжырымдамасы бекітілсін.
      2. Көші-қон және демография жөніндегі агенттік, орталық атқарушы органдар, облыстардың, астананың, қалалар мен аудандардың әкімдері этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы жөніндегі шараларды әзірлеу кезінде Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы тұжырымдамасын басшылыққа алсын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                 Қазақстан Республикасы



                                                 Үкіметінің 1998 жылғы

                                                    16 қыркүйектегі

                                                    N 900 қаулысымен

                                                       бекітілген



 
 
                  Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралу
                               Тұжырымдамасы
 

                                Кіріспе



 
 
       Тұжырымдама Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңын іске асыру және көші-қон саясатының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың көші-қоны саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде 4,1 млн. этникалық қазақ тұрады. Қазір Қазақстан Республикасының аумағындағы қазақтардың саны - 8,13 млн., ал дүние жүзіндегі бүкіл қазақтың саны - 12,2 млн. адам. Демек, қазақтардың үштен бірі шет елде тұрады деген сөз.
      Қазақтардың ең көп тұратын жері Өзбекстан - онда 1,5 млн. адамға жуық, Ресейде - 740 мың адам, Түркменстанда - 70 мың адам. Алыс шет елдерде этникалық қазақтардың көпшілігі ҚХР-да - 1,5 млн. адам, Моңғолияда - 100 мың адам, Ауғанстанда - 30 мың және Түркияда - 25 мың адам тұрады.
      Шет елдерде тұрып жатқан барлық қазақтың өзінің тарихи отанына оралуға құқығы бар.
      Кейбір деректерге қарағанда шет елдерге тұратын қазақ диаспорасының едәуір бөлігі тарихи отанына оралуға тілек білдіреді, әсіресе бұл Өзбекстан, Түркменстан, Қытай және Моңғолия елдерінде тұратын қазақ диаспорасына тән сипат.
 
             1-бөлім. Оралудың мақсаты және күтілетін нәтижелері
 
      1. Қазақтардың өздерінің тарихи отанына оралуы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады.
      2. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуының нақты тетіктерін жасау, оның ішінде оларды ұйымдасқан түрде көшіру және орналасқан жерінде өмір сүруіне жағдай туғызу болып табылады.
      3. Көшіру шараларын пәрменді ұйымдастырып, оларды тиімді қаржыландыру қазақтардың қайтып оралуы кезіндегі басты міндет болып табылады.
      4. Халық санының және оның табиғи өсуін ұлғайту, елдегі демографиялық ахуалды сауықтыру этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтарудың нәтижесі ретінде қарастырылады.
 
                    2-бөлім. Мемлекеттік көші-қон қоры
 
      1. Мемлекеттік көші-қон қоры көші-қон іс-шараларын қаржыландыруды жүзеге асыруға арналған. Оның қаражаты республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, ұйымдардың, оның ішінде ұйымдардың ерікті аударымдарынан және жеке адамдардың қайырмалдықтарынан құралады.
      2. Мемлекеттік көші-қон қорының этникалық қазақтарды тарихи отанында бейімдеу жөніндегі шараларға бюджеттен тыс қаражат тартудың жеке бағдарламасы болады. Көші-қон және демография жөніндегі агенттік көші-қон шараларын қамтамасыз етуге бағытталатын бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың ұтымды жұмсалуын көздейтін жаңа нормативтік құқықтық базаны әзірлейді.
 
                    3-бөлім. Қайтып оралуды ұйымдастыру
 
      1. Жыл сайын Үкімет оралмандардың оралуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарды бекітеді. Ол міндетті түрде әр ел бойынша ұстындарды, оралмандардың отбасы сипаттамасын, оралмандарды көшіруді ұйымдастыру мен аймақтарға орналастырудың схемасын қамтуға тиіс. Сонымен қатар, оралмандарды бейімдеу жөніндегі шаралар жоспары жасалады.
      2. Отанына оралуын ұйымдастыру жөніндегі Үкімет бекіткен жоспарға өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, төтенше жағдайларға байланысты қазақтарды отанына оралуын қоспағанда, көші-қон іс-шараларының нәтижелі және тиімді принциптерін басшылыққа алу қажет.
      3. Тарихи отанына оралуын ұйымдастыру жұмысына баға берудің басты өлшемі - оралмандардың өз отанына көшіп келуіне қанағаттанушылық және тұрмыс-тіршілігіне қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілу дәрежесі болып табылады.
 
            4-бөлім. Шетелдегі қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу
 
      1. Шетелдегі қазақ диаспорасының көші-қондық көңіл-күйін зерделеу тұрақты негізде жүргізіледі. Өзінің тарихи отанына қайту ниеті бар адамдар туралы деректер банкі құрылып, ол ұдайы жаңаруда. Оған болашақ оралмандар, сондай-ақ олардың аймақтарға орналасуы (жинақы немесе басқа оралмандардан бөлек) мен орналастыру түрлері бойынша өтініш-тілектері, жұмысы, оқуы және т.б. туралы негізгі мәліметтер енгізіледі.
      2. Қазақ диаспорасымен жүргізілетін жұмыс Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері арқылы, сондай-ақ тікелей жүзеге асырылады. Өзара іс-қимыл, сондай-ақ мәселе Қазақстан туралы және қайта оралу кезіндегі жаңа мүмкіндіктер туралы ақпараты бар жарнама кітапшаларды тарату жөнінде болғанда көші-қон қызметтерімен, сондай-ақ қазақ диаспораларымен тікелей жүргізілетін жұмысты қамтиды.
      3. Шетелдегі этникалық қазақтар тарихи отанына қоныс аударуы жағдайында Қазақстан Республикасы бастапқы кезеңде олардың бейімделуіне, бірінші кезекте елде нарықтық қатынастарды орнықтырудың нәтижесінде қалыптасқан еңбек қатынастарына кірігуіне жәрдемдесетіні туралы барынша дәл хабардар етілуге тиіс.
      Олар бұдан былай еңбекке қабілетті оралмандардың республика азаматтарымен бірдей жағдайда азаматтық құқықтық қабілетке ие болатынын және мұқтаж оралмандарға әлеуметтік көмек атаулы негізде тұрғылықты тұрғындармен тең шарттар бойынша көрсетілетінін білуге тиіс.
 
               5-бөлім. Оралмандардың оралуына дайындық жұмысы
 
      1. Отанына қаржылық қолдаусыз орала алмайтын ұлты қазақ адамдардың отанына оралуы Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін көшіп келу (оралу) квотасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Оралмандардың санына және әлеуметтік-демографиялық құрамына қатысты талдау және алдын ала бағалау жұмыстары жүргізіледі. Көшіп келу квотасына сәйкес қазақтарды көшірумен байланысты тікелей және жанама шығыстар алдын ала есептеледі. Квота көші-қон шараларына бөлінетін қаржы қаражатының көлеміне сай болуға тиіс.
      3. Квотаның шегінде қазақтарды көшіру жөнінде шешім қабылданғанда саяси жағдайы тұрақсыз мемлекеттердегі (Ауғанстан, Тәжікстан) және экологиялық жағынан қолайсыз аймақтардағы (Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстан) оралмандарға басымдық берілуге тиіс.
      4. Құзыретті органдар оралмандар шығатын мемлекеттермен оралмандардың осы мемлекеттердің азаматтығынан шығуының оңайлатылған рәсімдерін белгілеу туралы мәселені шешу бойынша іс-әрекет етеді. Малды айдап өтумен және тасымалдауымен байланысты рәсімдік мәселелер (малды айдап өту тәртібі, мал дәрігерлігі бақылауы және т.б.) шешілетін болады.
      Отандастарына оларды тарихи отанына көшіру кезінде қайрымдылық негізде материалдық және қаржылық көмек көрсете алатын шет елдегі қазақ диаспорасының әл-ауқатты өкілдерімен келіссөздер жүргізілетін болады.
 
            6-бөлім. Ел ішінде оралмандармен жүргізілетін жұмыс
 
           1. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мәселесі
 
      1. Өзінің тарихи отанына тұрғылықты тұру үшін көшіп келген ұлты қазақ адамдар республиканың аумағында тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданады.
      2. Оралмандарды тұратын жеріне дейін көлікпен әкелу және орналастыру негізінен Мемлекеттік көші-қон қорының қаражаты есебінен жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдар оралмандардың тез бейімделуіне жан-жақты көмек көрсетеді. Ауылдық жерде ауылдың (поселкенің) жаңа тұрғындарымен таныстыру үшін жиындар, оралмандарды ата-бабасының жерінде салтанатты түрде қарсы алу шаралары ұйымдастырылады. Бұған қоса, тілек білдіруші жергілікті тұрғындардың арасынан оралмандарға қолдау көрсету топтары ұйымдастырылады. Аудан шеңберінде оралмандар кеңесі құрылатын болады.
 
                       2. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
 
      1. Оралмандарға тұрғын үй беру туралы шешімдер отбасының құрамы туралы деректер банкінің, ауылдық немесе қалалық жерде орналасу, басқа оралмандармен бір жерде жинақы немесе бөлек тұру жөніндегі тілектерінің негізінде қабылданады.
      2. Оралмандарға тұрғын үй сатып алу тәртібі әзірленеді.
      3. Оралмандарға тұрғын үй сатып алуы үшін қаражат беріледі, сондай-ақ жеке құрылыс салуы мен шаруашылығын ұйымдастыруы үшін жер учаскелері бөлінеді.
      4. Оралмандардың тілегіне қарай оларды өздері алдын ала таңдаған жерлерінде тарихи тамырларын, климаттық жағдайларды, туған-туыстарының, бос үй-жайдың, жұмыс орындарының, әлеуметтік инфрақұрылымның және т.б. болуын есепке ала отырып, жинақы орналастыруға (ауыл принципі бойынша) болады.
      5. Оралмандарды жинақы орналастыру кезінде тұрғын үй салуға оралмандардың өздерін, негізінен жастарды тартуға болады. Қажет болған жағдайда оларға тұрғын үй салуға қарыз қаражаты бөлінеді.
      6. Халықтың әлеуметтік қорғалатын бөлігінің, оның ішінде оралмандардың тұрғын үй проблемасын шешудің бір бағыты Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту және тұрғын үй рыногын қалыптастыру бағдарламасында көзделген мемлекеттік (муниципалдық) тұрғын үй қорын дамыту болып табылады.
 
                    3. Оралмандарды жұмысқа орналастыру
 
      1. Жыл сайын әзірленетін Халықты жұмыспен қамту бағдарламасында кәсіптік білім беру мен шағын бизнесте өзін өзі жұмыспен қамтуды қоса алғанда, халықты жұмыспен қамтамасыз ету және оралмандарды жұмыспен қамту шаралары көзделетін болады.
      2. Тұрғылықты тұруға арналған куәлігі бар оралмандарға Қазақстан Республикасының заңдары, оның ішінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң қолданылады.
      3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының қаражаты жаңа жұмыс орындарын құруды, сондай-ақ оралмандарды орналастыру мақсатында муниципалдық меншіктің бос тұрған үйлерін жөндеу жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қолдауға жұмсалатын болады.
 
                  4. Оралмандарды әлеуметтік қамсыздандыру
 
      Оралмандарды әлеуметтік қамсыздандыру, оларға зейнетақы мен жәрдемақының барлық түрін төлеу, медициналық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
 
                      5. Оралмандарды арнайы оқыту
 
      Оралмандардың Қазақстан қоғамына қысқа мерзімде кірігуін қамтамасыз ету үшін қазақ және орыс тілдерін оқытуды, Қазақстан Республикасының заңдарын зерделеуді көздейтін оралмандарды бейімдеудің арнайы курстары ұйымдастырылатын болады.
 
            6. Әлеуметтік салаға қол жеткізуін қамтамасыз ету
 
      1. Басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын ұлты қазақ жігіттер мен қыздарға Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей кәсіптік-техникалық, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында, аспирантурада оқу және тағылымдамадан өту құқығы беріледі. Олар мемлекеттің есебінен заңдарда белгіленген тәртіппен шәкіртақымен және қажетті материалдық жағдайларымен қамтамасыз етіледі. Тілек білдірушілерді таңдап алу оқуға түсушілердің тілектерін есепке ала отырып, олар тұратын жерде жүргізіледі.
      2. Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне олар Қазақстанның аумағында болған кезде қонақ үйде тұрудың, республикалық авиажелілердің ұшақтарына және республика ішіндегі темір жол көлігіне билет алудың республика азаматтары үшін белгіленген ақы төлеу тәртібі қолданылады. Олар сонымен қатар республика азаматтарымен жалпы негізде емдеу-профилактикалық және санаторий-курорттық емдеумен, ақылы қызмет көрсетудің басқа түрлерімен қамтамасыз етіледі.
      3. Жыл сайын Мемлекеттік көші-қон қорының қаражаты есебінен Қазақстанның оқу орындарында оқушыларды жоспардан тыс қабылдаудың квотасы белгіленетін болады.
 
               7. Ел ішінде оралмандармен жүргізілетін жұмыспен
                        байланысты басқа да мәселелер
 
      1. Шет елдегі қазақ диаспорасының тарихы жөнінде ғылыми еңбек жасау мақсатында сырттан қаржыландырудың көздерін, негізінен, гранттарды іздестіру мен тарту жөніндегі жұмыс қолға алынады. Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің жанынан көші-қон және демография жөніндегі Үлкен және кіші кеңестер қоғамдық негізде құрылады. Көші-қон

 

және демография процестерін зерделеу мен реттеу мақсатында көші-қон және

демография мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру көзделіп

отыр.

     2. Халықтың көші-қонымен, оның ішінде оралмандардың оралуымен

байланысты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде

жарияланып отыратын болады.



      Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





О Концепции репатриации этнических казахов на историческую родину

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 1998 года N 900

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемую Концепцию репатриации этнических казахов на историческую родину.
      2. Агентству по миграции и демографии, центральным исполнительным органам, акимам областей, столицы, городов и районов при разработке мероприятий по репатриаций этнических казахов на историческую родину руководствоваться Концепцией репатриации этнических казахов на историческую родину.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан



                                              Утверждена



                                     постановлением Правительства

                                         Республики Казахстан

                                    от 16 сентября 1998 года N 900



 
 
                   Концепция репатриации этнических казахов
                           на историческую родину
 
                                Введение
 
      Концепция разработана с целью реализации Закона Республики Казахстан "О миграции населения" и проведения в жизнь единой государственной политики в области миграции населения в соответствии с долгосрочной стратегией миграционной политики.
      За пределами Республики Казахстан проживает около 4,1 млн. этнических казахов. На территории Республики Казахстан в настоящее время численность казахов составляет 8,13 млн. человек, вся численность казахов в мире составляет более 12,2 млн. человек. Таким образом, каждый третий казах живет за границей.
      Наибольшая численность казахской диаспоры приходится на Узбекистан - до 1,5 млн. человек, Россию - 740 тыс. человек, Туркменистан - 70 тыс. человек. Из дальнего зарубежья наибольшая численность этнических казахов проживает в КНР - порядка 1,5 млн. человек, Монголии - 100 тыс. человек, Афганистане - 30 тыс. человек и Турции - 25 тыс. человек.
      Все этнические казахи, проживающие за рубежом, имеют право вернуться на свою историческую родину.
      По оценкам значительная часть казахской диаспоры, проживающей за рубежом, изъявляет желание вернуться на свою историческую родину, особенно это относится к казахской диаспоре, проживающей в Узбекистане, Туркменистане, КНР и Монголии.
 
             Раздел 1. Цель репатриации и ожидаемые результаты
 
      1. Репатриация казахов на свою историческую родину является одним из главных приоритетов миграционной политики Республики Казахстан.
      2. Основной целью Концепции является создание реальных механизмов репатриации этнических казахов на историческую родину, в том числе их организованное переселение и создание условий для жизнедеятельности в местах поселения.
      3. Главными задачами при репатриации казахов является действенная организация переселенческих мероприятий и их эффективное финансирование.
      4. Как результат возврата этнических казахов на историческую родину рассматриваются увеличение численности и естественного прироста населения, оздоровление демографической ситуации в стране.
 
               Раздел 2. Государственный миграционный фонд
 
      1. Государственный миграционный фонд (далее - Фонд) предназначен для осуществления финансирования миграционных мероприятий. Его средства формируются за счет средств республиканского и местных бюджетов, добровольных отчислений организаций, в том числе иностранных, и пожертвований частных лиц.
      2. Государственный миграционный Фонд будет иметь отдельную программу привлечения внебюджетных средств на мероприятия по адаптации этнических казахов на исторической родине. Агентство по миграции и демографии разработает новую нормативную правовую базу, предусматривающую рациональное использование бюджетных и внебюджетных средств, направляемых на обеспечение переселенческих мероприятий.
 
                  Раздел 3. Организация репатриации
 
      1. Ежегодно Правительством утверждается план по организации репатриации. Он в обязательном порядке должен содержать позиции по странам. Характеристики семей репатриантов, схему организаций переселения и расселения репатриантов по регионам. Кроме того, составляется план мер по адаптации репатриантов.
      2. В случае необходимости внесения изменений в утвержденный Правительством план по организации репатриации, необходимо руководствоваться принципами результативности и эффективности переселенческих мероприятий, за исключением репатриации казахов, связанной с чрезвычайными ситуациями.
      3. Главный критерий оценки организации репатриации - это степень удовлетворенности репатриантов переселением на свою историческую родину и обеспечения необходимыми условиями жизнедеятельности.
 
              Раздел 4. Работа с казахской диаспорой за рубежом
 
      1. На постоянной основе проводится изучение миграционных настроений казахских диаспор за рубежом. Создается и постоянно обновляется банк данных о желающих вернуться на свою историческую родину. В него вносятся основные сведения о будущих репатриантах, а также их пожелания по регионам и видам расселения (компактно или отдельно от других репатриантов), работе, учебе и т.п.
      2. Работа с казахской диаспорой осуществляется через дипломатические представительства Казахстана за рубежом, а также напрямую. Взаимодействие охватывает как работу с миграционными службами, так и непосредственно с казахскими диаспорами, когда речь идет о распространении рекламных брошюр о Казахстане и с информацией о новых возможностях при репатриации.
      3. Этнические казахи за рубежом должны быть предельно точно информированы, что Республика Казахстан в случае переселения на историческую родину будет содействовать на начальном этапе их адаптации, в первую очередь по вживанию их в трудовые отношения, сложившиеся в стране в результате становления рыночных отношений.
      Они должны знать, что в дальнейшем трудоспособные репатрианты будут на равных условиях с гражданами республики нести гражданскую правоспособность и социальная помощь нуждающимся репатриантам возможна на адресной основе на равных условиях с постоянными жителями.
 
              Раздел 5. Подготовительная работа к репатриации
 
      1. Репатриация лиц казахской национальности, которые не могут вернуться на родину без финансовой поддержки государства, осуществляется в соответствии с утверждаемой Президентом Республики Казахстан квотой иммиграции (репатриации).
      2. Проводится анализ и предварительная оценка численности и социально-демографического состава репатриантов. Производится предварительный расчет прямых и косвенных затрат, связанных с репатриацией казахов, в соответствии с квотой иммиграции. Квота должна соответствовать объему выделяемых финансовых средств на миграционные мероприятия.
      3. Приоритет при принятии решений по переселению казахов в пределах квоты должны иметь репатрианты из государств с нестабильной политической обстановкой (Афганистан, Таджикистан) и экологически неблагополучных регионов (Каракалпакстан в составе Республики Узбекистан).
      4. Компетентными органами будут предприниматься усилия по решению с государствами выезда репатриантов вопроса об установлении упрощенных процедур выхода репатриантов из гражданства государств выезда. Будут решаться процедурные вопросы, связанные с перегоном и транспортировкой скота: (порядок перегона, ветеринарный контроль...).
      Будут проводиться переговоры с состоятельными представителями казахских диаспор за рубежом, которые могли бы оказать материальную и финансовую помощь сородичам при их переселении на историческую родину на благотворительной основе.
 
              Раздел 6. Работа с репатриантами внутри страны
 
                  1. Вопрос приобретения гражданства
                          Республики Казахстан
 
      1. Лица казахской национальности, переселившиеся для постоянного проживания на свою историческую родину, принимаются в гражданство Республики Казахстан, независимо от срока проживания на территории республики.
      2. Транспортировка до места жительства и поселение репатриантов осуществляются, в основном, за счет средств Государственного миграционного Фонда. Местные исполнительные органы будут оказывать всемерное содействие быстрой адаптации репатриантов. На селе будут организовываться сходы для знакомства с новыми жителями аула (поселка), торжественные приемы репатриантов на земле предков. Кроме того, из числа добровольцев - местных жителей будут организовываться группы поддержки репатриантов. В рамках района будут создаваться советы репатриантов (оралманов).
 
                        2. Обеспечение жильем
 
      1. Решения о предоставлении жилья репатриантам принимаются на основе банка данных о составе семей, желании поселиться в сельской или городской местности, компактно с другими репатриантами или отдельно от них.
      2. Будет разработан порядок приобретения жилья для репатриантов (оралманов).
      3. Репатриантам будут выдаваться средства для приобретения жилья, а также выделяться земельные участки для индивидуального строительства и организации хозяйств.
      4. По желанию репатриантов возможно их компактное расселение (по принципу аулов) в заранее выбранных ими местах с учетом исторических корней, климатических условий, наличия родственников, свободного жилья, рабочих мест, социальной инфраструктуры и т.п.
      5. Для строительства жилья при компактном расселении репатриантов могут привлекаться сами репатрианты, в основном, молодежь. При необходимости им будут выделяться ссуды для жилья.
      6. Одним из направлений решения жилищной проблемы социально-защищаемых слоев населения, в том числе репатриантов, является развитие государственного (муниципального) жилищного фонда, предусмотренного Программой развития жилищного строительства и формирования рынка жилья в Казахстане.
 
                     3. Трудоустройство репатриантов
 
      1. В ежегодно разрабатываемой Программе занятости населения будут предусматриваться мероприятия по обеспечению занятости населения и занятость репатриантов, включая их профессиональное обучение и самозанятость в малом бизнесе.
      2. На репатриантов (оралманов), имеющих вид на жительство, распространяется законодательство Республики Казахстан, в том числе Закон "О занятости населения".
      3. Средства Государственного фонда содействия занятости будут привлекаться для поддержки создания новых рабочих мест, а также организации общественных работ по ремонту незанятых жилых домов муниципальной собственности с целью расселения самих репатриантов.
 
                   4. Социальное обеспечение репатриантов
 
      Социальное обеспечение, выплата пенсий и всех видов пособий, медицинское обслуживание репатриантов производится в соответствии с законодательством Республики Казахстан и международными договорами.
 
                   5. Специальное обучение репатриантов
 
      Для обеспечения скорейшей интеграции репатриантов в казахстанское общество будут организованы специальные курсы адаптации репатриантов, предусматривающие изучение казахского и русского языков, а также законодательства Республики Казахстан.
 
                 6. Обеспечение доступности социальной сферы
 
      Всем юношам и девушкам казахской национальности, являющимся гражданами других государств, предоставляется право поступления на учебу в профессионально-технические, средние специальные и высшие учебные заведения, аспирантуру и на стажировку наравне с гражданами Республики Казахстан. Они обеспечиваются стипендией и необходимыми материальными условиями за счет государства в порядке, установленном законодательством. Отбор будет производится непосредственно в местах проживания с учетом пожеланий самих поступающих.
      2. На представителей зарубежной казахской диаспоры в период их пребывания на территории Казахстана распространяется установленный для граждан республики порядок оплаты за проживание в гостиницах, приобретения билетов на самолеты республиканских авиалиний и железнодорожный транспорт внутри республики. Они также обеспечиваются лечебно-профилактическим и санаторно-курортным лечением, другими видами платных услуг на общих основания с гражданами республики.
      3. Ежегодно будет устанавливаться квота на сверхплановый прием обучающихся в учебных заведениях Казахстана за счет средств Государственного миграционного Фонда.
 
                 7. Другие вопросы, связанные с работой
                      с репатриантами внутри страны
 
      1. Будет начата работа по поиску и привлечению сторонних источников финансирования, в основном, грандов, в целях создания научного труда по истории казахских диаспор за рубежом. При Агентстве по миграции и демографии будут созданы на общественных началах большой и малый советы по вопросам миграции и демографии. В целях изучения и регулирования миграционных и демографических процессов предполагается создание научно-исследовательского центра по вопросам миграции и демографии.
      2. Вопросы, связанные с миграцией населения, в том числе с репатриацией, будут регулярно освещаться в средствах массовой информации.
 

     (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Польский В.Ф.)