Қазақстан Республикасының Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 P960211_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 8, 58-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5-тармақтағы "Экономика министрлігі" деген сөздер "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Министрліктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі барлық мәселелерді, өтініштерді және ұсыныстарды Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен келіссін";
Осы аталған қаулымен бекітілген Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының
мәселелері жөніндегі ведомстволық комиссия туралы Ережеде:
6-тармақтағы "Экономика министрлігі" деген сөздер "Энергетика,
индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулының қосымшасында:
Қазақстан Республикасының Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері
жөніндегі ведомстволық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
"О.Ә.Жандосов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік
комитетінің төрағасы, комиссия төрағасы
Е.А.Досаев - Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда вице-министрі,
комиссия төрағасының орынбасары
Р.Ж.Әзімов - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы бірінші вице-министрі
Р.Т. Алшымбаева - Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда министрлігінің
Патенттер және сауда белгілері жөніндегі
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
директорының орынбасары
С.А.Аханов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
А.Қ.Дауылбаев - Қазақстан Республикасының Әділет
вице-министрі
Е.Ә.Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
бірінші вице-министрі
Е.Е.Міржақыпов - Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар вице-министрі
Р.Қ.Тоқсейітов - Қазақстан Республикасының Білім,
мәдениет және денсаулық сақтау
вице-министрі;
Ә.М.Қажыгелдин, Е.А.Өтембаев, Ә.М.Байменов, М.У.Басаров,
Г.Н.Гамарник, В.А.Гуляев, Қ.Қ.Дамитов, Н.Ж.Дәненов, А.Г.Дерновой,
А.Б.Ержанов, Т.В. Жданова, С.М. Қанапиянов, Р.К.Қуатов, Е.С.Никитинская,
Е.Н.Нұрғалиева, Е.І.Оразбақов, Х.А.Оспанов, М.М.Отанов, Н.Н.Сақыпова,
В.П.Федурин, А.И.Шуховцов аталған құрамнан шығарылсын;
"Ж.Ж.Ертілесова - Қазақстан Республикасы Экономика
министрінің бірінші орынбасары,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Экономикалық реформалар
орталығының жетекшісі, комиссия
төрағасының орынбасары
М.Е.Аманбаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің орынбасары
Ж.А.Күлекеев - Қазақстан Республикасының Статистика
және талдау жөніндегі мемлекеттік
комитеті төрағасының орынбасары
Ф.А.Усманова - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлігінің Сыртқы экономикалық
саясат бас басқармасының бастығы
Б.Д.Өтемұратов - Қазақстан Республикасының БҰҰ
халықаралық экономикалық
ұйымдарындағы Тұрақты өкілі"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ж.Ж.Ертілесова - Қазақстан Республикасының Қаржы
бірінші вице-министрі, комиссия
төрағасының орынбасары
М.Е.Аманбаев - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі Кеңсесінің
Қаржы-экономикалық сараптама
бөлімінің меңгерушісі
Ж.А.Күлекеев - Қазақстан Республикасының Ұлттық
статистика агенттігінің төрағасы
Ф.А.Усманова - Қазақстан Республикасы Энергетика,
индустрия және сауда министрлігінің
Департаменті директоры
Б.Д.Өтемұратов - Қазақстан Республикасының Швейцария
конфедерациясындағы Төтенше және
Өкілетті Елшісі, Қазақстан
Республикасының Женевадағы БҰҰ
бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі