Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мемлекеттік заемдарды тарту арқылы іске асырылатын жобаларды
республикалық, бюджеттен қоса қаржыландыру тетігі туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 маусымдағы N 695
қаулысына
мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген жағдайларда
аталған жобаларды қоса қаржыландыру қайтарымсыз негізде жүзеге асырылады".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі