Республиканың аса мұқтаж аймақтарын 1998 жылдың астығын жинау кезеңінде бензинмен және дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Интеграция" халықаралық қорының "Кемикэл Промотион Лимитед" батыс герман фирмасының Қазақстан Республикасының аса мұқтаж аймақтарына 1998 жылдың астығын жинау кезеңінде 25000 тонна А-80 бензинін және 25000 тонна дизель отынын беретіндігі туралы ұсынысы назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті қолданылып жүрген заңдарға сәйкес декларантқа - "Кемикэл Промотион Лимитед" батыс герман фирмасына осы қаулыға сәйкес астық жинау кезеңінде астық жинаушы кәсіпорындардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін ғана Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін бензин мен дизель отынынан 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейін Жол қорына алым төлеу бойынша мерзімін ұзартуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық полициясының
комитеті заңда белгіленген тәртіппен осы қаулының атқарылуына, сондай-ақ
мемлекеттің кірісіне алымдардың, төлемдер мен салықтардың дер уақытында
және толық түсуіне бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі