Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1998 жылғы 25 мамырда Абу-Даби қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі, екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын пайымдай келіп,
халықаралық құқықтың егеменді теңдік, өзара тиімділік принциптерін және басқа да жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Тараптар осы елдердің әрқайсысында қолданылатын заңдар мен
ережелердің шеңберінде, Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында ұзақ мерзімді әрі тұрақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, осы мақсаттарда тиісті жағдайлар жасайтын болады. 2. Тараптар мынадай басыңқы салаларда ынтымақтастық мүмкіндіктері бар екендігімен келісті, олар: - ауыл шаруашылығы; - өнеркәсіп өндірісі; - халық тұтынатын тауарлар шығару. 2-бап
Тауарлардың жеткізілімі мен қызмет көрсету әрбір елдің заңдарына және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес, бұдан былай "Субъектілер" деп аталатын, сыртқы экономикалық қызметке құқығы бар, екі елдің заңды және (немесе) жеке тұлғалары арасында жасалатын келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.
3-бап
Тауарлар жеткізілімі мен көрсетілетін қызмет үшін барлық есеп айырысулар мен төлемдер халықаралық рыноктардың бағалары мен халықаралық сауда, қаржы және банк тәжірибесінде қабылданған шарттар бойынша әрі әрбір елдің заңдарына сәйкес еркін өтімді валютамен жүзеге асырылатын болады.
4-бап
Қазақстан Республикасының және Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті құзырлы органдары, егер бұл қажет болса, өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес, субъектілер арасында осы Келісімге сәйкес жасалатын келісім-шарттар бойынша оларға тауарлар жеткізілімі мен қызмет көрсетуге арналған лицензияларды уақытылы беретін болады.
5-бап
Тараптар ақпарат алмасуды жүзеге асыру, кезінде, атап айтқанда, сауда-
экономикалық және валюта-қаржы қатынастарына байланысты заңдар мен басқа да нормативтік актілер саласында, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін жәрмеңке, көрме және басқа да іс- шараларды ұйымдастыруда бір-біріне жәрдем көрсететін болады. 6-бап Әрбір Тарап өздерінің заңдарына сәйкес, өз аумағында екінші Тараптың сыртқы экономикалық ұйымдарының өкілдіктерін ашуға және олардың қызметіне, сондай-ақ екі елдің сауда делегацияларымен алмасуына жәрдемдесетін болады. 7-бап Тараптар екі елдің заңдарына сәйкес, өндіріс саласында жекеменшік секторды дамытуды, бірлескен жобаларды және ынтымақтастықтың басқа да нысандарын жүзеге асыруды көтермелейтін болады. 8-бап Екі Тарап елдерінің аумақтары арқылы жүктер мен жолаушылар тасымалдау және оларды транзиті жеке келісіммен белгіленетін болады. 9-бап
Тараптар осы Келісімнің орындалу барысын қарап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөнінде нақты шаралар қабылдау үшін сауда- экономикалық ынтымақтастық жөнінде үкіметаралық Комиссия құруға келісті.
Комиссия бір тарап тілегінің негізінде және екінші тараптың
келісімімен кезекпен Қазақстанда және Біріккен Араб Әмірліктерінде мәжіліс өткізетін болады. 10-бап Тараптар Қазақстан Республикасы Біріккен Араб Әмірліктерінде өз Сауда өкілдігін, ал Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан Республикасында өз Сауда өкілдігін құра алады деп келісті. Сауда өкілдіктерінің құқықтық мәртебесі және орналасатын жері жеке келісіммен белгіленетін болады. 11-бап Екі ел субъектілері арасындағы даулар келісім-шарт тараптары арасындағы келісім-шарттарда немесе жекелеген жазбаша келісімдерде бар уағдаластықтарға сәйкес шешілетін болады. 12-бап
Осы Келісімнен немесе сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысы бар басқа да халықаралық, аймақтық немесе шағын аймақтық ережелерден туындайтын қандай да бір жеңілдіктер, преференциялар мен артықшылықтар беру туралы тараптардың міндеттемелері осы Келісім ережелерінде айтылмайды.
13-бап
Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге өзгертулер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім ноталар алмасқаннан кейін күшіне енеді, ноталарда Тараптар Келісімнің күшіне енуіне қажетті заңдық процедуралардың орындалғандығы туралы бір-бірін хабардар етеді және 5 жыл бойы қолданылатын болады.
Егер Тараптардың бірі Келісімнің күшінде болатын мерзімі аяқталардан 6 ай бұрын оның күшін тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарламаса, осы Келісімнің қолданылуы әрбір келесі 5 жылға өз-өзінен ұзартылатын болады.
Осы Келісімнің күші тоқтатылған жағдайда, оның ережелері Келісімге
сәйкес жасалған барлық келісім-шарттардағы Келісім күшінде болған мерзімде туындаған және Келісімнің қолданылу мерзімі тоқтатылған сәтте орындалмаған міндеттемелерге қатысты қолданылатын болады. Бұл Келісім 1998 жылғы 25 мамырда, Абу-Даби қаласында, қазақ, араб және ағылшын тілдерінде жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Пікір алшақтығы туған жағдайда ағылшын тіліндегі артықшылық беріледі. Қазақстан Біріккен Араб Республикасының Әмірліктерінің Үкіметі үшін Үкіметі үшін