Банктер консорциумының ("Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi" ашық акционерлiк қоғамы, "ТұранӘлем Банкi" жабық акционерлiк қоғамы және "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамы) "Қазфосфор" акционерлiк қоғамына бөлген ақшаның қайтарылуын қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерiн орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiрiншi кезектегi мұқтаждары есебiнен республикалық бюджеттен "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамының Банктер консорциумына берешегiн өтеудiң есебiне мынадай мөлшерде ақша бөлсiн:
"Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi" ашық акционерлiк қоғамына 632 393 676 (алты жүз отыз екi миллион үш жүз тоқсан үш мың алты жүз жетпiс алты) теңге;
"ТұранӘлем Банкi" жабық акционерлiк қоғамына 41 136 399 (қырық бiр миллион бiр жүз отыз алты мың үш жүз тоқсан тоғыз) теңге;
"Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамына 614 761 218 (алты жүз он төрт миллион жетi жүз алпыс бiр мың екi жүз он сегiз) теңге;
2) 1997 жылғы 17 қарашадағы Кепiл шартына сәйкес бөлiнетiн ақша сомалары мөлшерiнiң негiздiлiгiн анықтау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен қаржылық тексеру жүргiзсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi