Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6-7 шілдедегі Ресей Федерациясына сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті Б.Н.Ельциннің Қазақстан Республикасына белгіленіп отырған ресми сапарына және Ресей Федерациясымен екіжақты келісімдерге қол қоюға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі Наталья Артемовна Коржоваға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе онда жұмыс
істейтін азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері туралы келісімге қол қоюға
өкілеттік берілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі