"Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1998 жылғы 8 қазандағы N 1164-1 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге арналған қосымша шығыстарының сметасы 1-6 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджеттік қаражаттың бос қалдығының есебінен 530 754 мың (бес жүз отыз миллион жеті жүз елу төрт мың) теңге бөлсін.
3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына бөлінген қаражатты тиісті аумағында сайлау комиссиялары бойынша бөлу ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
сайлауды өткізуге байланысты барлық жүктің қабылдануы мен теміржол және ұшақтар арқылы бөгетсіз жөнелтілуін қамтамасыз етсін;
сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде барлық байланыс түрінің жер-жерлерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына заңдарда белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың көлемінде сайлау алдындағы материалдарды уақытылы басып шығаруды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі аумақтық сайлау комиссиялары орналасатын үй-жайларды электрмен және жылумен үздіксіз қамтамасыз етсін.
7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
аумақтық сайлау комиссияларына үй-жайлар бөлсін, оларды қажетті құрал-жабдықпен, мүкәммалмен, байланыс құралдарымен, көлікпен, сондай-ақ кеңсе заттарымен қамтамасыз етсін;
сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты құжаттар мен материалдардың сақталуын, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиялары орналасқан үй-жайлардың тиісті күзетін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
сайлауды ұйымдастыру мен өткізу барысында тартылатын автокөлікті
бензинмен және дизель отынымен қамтамасыз етсін.
8. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетіне сайлау комиссияларына бөлінген қаражаттың мақсатқа сай
пайдаланылуына заңдарда көзделген бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 20 қазандағы
N 1060 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің
сайлауын өткізуге арналған шығыстардың
СМЕТАСЫ
теңгемен
1. Облыстық сайлау комиссиясы (әр 1 661 152
комиссияға 103822 теңгеден 16 комиссия)
2. Қалалық сайлау комиссиясы (әр 1 786 494
комиссияға 47013 теңгеден 38 комиссия)
3. Аудандық сайлау комиссиясы (әр 7 710 132
комиссияға 47013 теңгеден 164 комиссия)
4. Учаскелік сайлау комиссиясы (әр комис- 458 952 417
сияға 44693 теңгеден 10269 комиссия)
5. Президенттікке үміткерлердің шығыстары 12 200 000
(2440000 теңгеден 5 үміткер)
6. Орталық сайлау комиссиясы 48 444 000
(орталықтандырылған шығыстар)
ЖИЫНЫ 530 754 195
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 20 қазандағы
N 1060 қаулысына
2-қосымша
Облыстық сайлау комиссиясының
Қазақстан Республикасы Президентінің
сайлауын өткізуге арналған шығыстарының
НОРМАЛАРЫ (орташа)
теңгемен
1. Комиссияның басқа жұмыстардан
босатылған мүшесінің жалақысы 35163
11721 теңгеден 3 айға
2. Қорларға міндетті аударымдар 10549
3. Басқа да шығыстар (ұйымдастыру,
техникамен қамтамасыз ету, бұқаралық
ақпарат құралдарында жарияланымдар,
бюллетеньдерді жеткізу, почта-телеграф,
іссапарлар, техникалық жұмыстарға
еңбек келісімдері және т.б.) 58110
ЖИЫНЫ 103822
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 20 қазандағы
N 1060 қаулысына
3-қосымша
Қалалық, аудандық сайлау комиссиясының Қазақстан
Республикасы Президентінің сайлауын өткізуге арналған
шығыстарының
НОРМАЛАРЫ (орташа)
теңгемен
1. Комиссияның басқа жұмыстардан босатылған
мүшесінің жалақысы 13814
9209 теңгеден 1,5 айға
2. Қорларға міндетті аударымдар 4144
3. Басқа да шығыстар (ұйымдастыру, техникалық
қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарындағы
жарияланымдар, бюллетеньдерді жеткізу, почта-телеграф,
іссапарлар, техникалық жұмыстарға еңбек келісімдері
және т.б.) 29055
ЖИЫНЫ 47013
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 20 қазандағы
N 1060 қаулысына
4-қосымша
Учаскелік сайлау комиссиясының
Қазақстан Республикасы Президентінің
сайлауын өткізуге арналған шығыстарының
НОРМАЛАРЫ (орташа)
теңгемен
1. Комиссияның басқа жұмыстардан босатылған
мүшесінің жалақысы 10883
7255 теңгеден 1,5 айға
2. Қорларға міндетті аударымдар 3265
3. Басқа да шығыстар (ұйымдастыру, техникалық
қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарындағы
жарияланымдар, бюллетеньдерді жеткізу, почта-телеграф,
іссапарлар, техникалық жұмыстарға еңбек келісімдері
және т.б.) 30545
ЖИЫНЫ 44693
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 20 қазандағы
N 1060 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының Президенттігіне
үміткер шығыстарының
ЕСЕБІ
теңгемен
1. Теледидардан сөз сөйлеу (15 мин.) 40000
2. Радиодан сөз сөйлеу (15 мин.) 20000
3. Сайлаушылар алдында сөз сөйлеу 914000
4. Үгіт плакаттарын шығару 515000
5. Газеттерде екі тілдегі жарияланымдар 240000
6. Көлік шығыстары 450000
7. Бюджеттен тыс қорларға еңбекақы мен
төлемдерді өтеу 130500 теңгеден 2 айға 261000
ЖИЫНЫ 2440000
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 20 қазандағы
N 1060 қаулысына
6-қосымша
Орталық сайлау комиссиясының
Қазақстан Республикасының Президентінің
сайлауын өткізуге жұмсайтын шығыстарының
ЕСЕБІ
теңгемен
1. Сайлау бюллетеньдерін, баспа парақтарын,
куәліктер, кітапшалар шығару 45000000
2. Облыстарға сайлау бюллетеньдерін, баспа
парақтарын жеткізу 1500000
3. Байланыс қызметі, көлік шығыстары, кеңсе 350000
заттары
4. Іссапар шығыстары 744000
5. Шетелдердегі сайлау 500000
6. Резерв 350000
ЖИЫНЫ 48444000