Тұрақсыз газ конденсатын өңдеу жөніндегі шағын тоннажды қондырғыны іске қосу, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының көмірсутегі шикізатының бір бөлігін қайта өңдеудің есебінен Батыс Қазақстанда мұнай өнімдерінің қосымша мөлшерін алу мақсатында және Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімдерін бөлу туралы Түпкілікті келісім (бұдан әрі - Келісім) мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Заттай нысанда өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда роялти мен Қазақстан Республикасының үлесін белгілеу және оларды төлеу тәртібін бекіту туралы" 1997 жылғы 12 қыркүйектегі N 1329 P971329_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.02.27. N 182 қаулысымен.
P990182_
Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.07.19. N 979
қаулысымен. P010979_
2. "Конденсат" акционерлік қоғамы Қарашығанақ шағын тоннажды қондырғысын пайдалану жөніндегі оператор болып белгіленсін.
3. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы "Конденсат" акционерлік қоғамымен Қазақстан Республикасының берілген мемлекеттік кепілдігіне орай республикалық бюджеттен алынған сомаларды қайтаруды көздейтін несие келісімін жасасын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.19. N 979
қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.