"Ақ берен" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 9 қараша N 1139

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласына профилактикалық қызмет көрсету және фонтанға қарсы әскерилендірілген қызметтерді біріктіру жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақ берен" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде теңіздер мен су айдындары шельфтерінде ашық газ және мұнай фонтандарының пайда болуының алдын алу жөніндегі жұмыстар кешені;
      2) кезек күттірмейтін авариялық-құтқару жұмыстарын орындау;
      3) ашық газ және мұнай фонтандарын, газ-мұнай тастауларын жоюға қатысу және авариялық-құтқару және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру;
      4) мұнай барлау, мұнай өндіру ұйымдарының жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлерін ашық газ және мұнай фонтандарының алдын алу және жою жөніндегі қажетті тәсілдер мен әдістерге баулу және практикалық оқыту;
      5) фонтанға қарсы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу;
      6) құтқару жұмыстарын жүргізу саласында шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық;
      7) жер қойнауын пайдаланушыларға техникалық, сервистік және басқа да қызметтер көрсету;
      8) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында құрылыс-монтаж жұмыстарын және қызметтің Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да түрлерін жүргізу болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын, жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды әділет органдарында тіркесін.
      5. "Қазақстан ашық мұнай-газ фонтандарын жою және олардың алдын алу жөніндегі әскерилендірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен "Қазақстан ашық мұнай-газ фонтандарын жою және олардың алдын алу жөніндегі әскерилендірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын таратуды жүргізсін, оның таратылғаннан кейін қалған мүлкін, Кәсіпорынның жарғылық капиталына кіргізу үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне берсін.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Берен-Тест" акционерлік қоғамын таратуды жүзеге асырсын. Ол таратылғаннан кейін, қалған мүлікті, Кәсіпорынның жарғылық капиталына кіргізу үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне берсін.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      8. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне жүктелсін.
      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Ак Берен"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 1998 года № 1139

      В целях совершенствования работы по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, профилактическому обслуживанию в нефтегазовой отрасли Республики Казахстан и объединения военизированных противофонтанных служб Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать Республиканское государственное казенное предприятие "Ак Берен" (далее - Предприятие).
      2. Определить органом государственного управления Предприятием, а также органом, осуществляющим по отношению к нему функции субъекта права государственной собственности, Комитет Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям.
      3. Основным предметом деятельности Предприятия определить:
      1) комплекс работ по предупреждению возникновения открытых газовых и нефтяных фонтанов на территории Республики Казахстан, в том числе шельфах морей и водоемах;
      2) выполнение неотложных аварийно-спасательных работ;
      3) участие в ликвидации открытых газовых и нефтяных фонтанов, газонефтяных выбросов и осуществление аварийно-спасательных и ремонтно-восстановительных работ;
      4) инструктаж и практическое обучение рабочих и инженерно-технических работников нефтеразведочных, нефтедобывающих организаций необходимым приемам и методам по предупреждению и ликвидации открытых газовых и нефтяных фонтанов;
      5) разработку и оформление нормативно-технической документации по противофонтанной безопасности;
      6) сотрудничество с иностранными организациями в области проведения спасательных работ;
      7) оказание недропользователям технических, сервисных и других услуг;
      8) проведение строительно-монтажных работ и другие виды деятельности в области предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций, не противоречащие законодательству Республики Казахстан.
      4. Комитету Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям сформировать уставный капитал Предприятия, утвердить устав и в установленном порядке зарегистрировать Предприятие в органах юстиции.
      5. Ликвидировать Республиканское государственное казенное предприятие "Казахстанская военизированная часть по ликвидации и предупреждению открытых нефтегазовых фонтанов".
      Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан в установленном порядке провести ликвидацию Республиканского государственного казенного предприятия "Казахстанская военизированная часть по ликвидации и предупреждению открытых нефтегазовых фонтанов", имущество, оставшееся после ликвидации, передать Комитету Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям для включения в уставный капитал Предприятия.
      6. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке осуществить ликвидацию акционерного общества "Берен-Тест". Имущество, оставшееся после его ликвидации, передать Комитету Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям для включения в уставный капитал Предприятия.
      7. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.
      8. Комитету по чрезвычайным ситуациям совместно с Министерством

 

энергетики, индустрии и торговли и Министерством финансов Республики Казахстан

внести предложения  о приведении ранее принятых решений Правительства

Республики Казахстан в соответствии с настоящим постановлением.

     9. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Комитет

Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям.

     10. Настоящее постановление вводится в действие с даты подписания.



     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



    (Оператор:      А.Е. Турсынова

     Специалист:    Э.А. Жакупова)