"Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамын капиталдандырудың деңгейін көтеру, инвесторларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы заңдарда белгіленген тәртіппен "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының кеңейтілген акционерлік капиталындағы акциялардың мемлекеттік пакетінің үлесін барлық шығарылған акциялар санының 49 проценті мөлшерінде сақтауды қамтамасыз ететін көлемде "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы акцияларының қосымша эмиссиясын жүзеге асырсын.
2. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы акцияларының қосымша эмиссиясын инвесторлардың арасында орналастыру жабық тәсілмен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті екі апталық мерзім ішінде "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының акцияларын орналастырудың тәртібі мен шарттарын белгілесін.
4. "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы онымен тиісті келісім жасасып, "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының акцияларын орналастыруды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі