Қазақстан әйелдерінің қатысуымен кәсіпкерлікті дамытудың жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1323 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.

      Қазақстан әйелдерінің қатысуымен кәсіпкерлікті әлеуметтік қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі: 
      әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында әйелдердің басым қатысуымен кәсіпкерлік құрылымдарды ұйымдастыру және қолдау жөніндегі іс-шаралардың арнайы тарауын көздесін; 
      тоқсан сайын, әйелдердің қатысуымен кәсіпкерлікті дамытудың барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлап отырсын. 
      2. Екінші деңгейдегі банктерге әйелдердің қатысуымен кәсіпкерліктің жобаларын несиелендіру, сондай-ақ қажетті консультациялық қызмет көрсетулер жүргізу жөніндегі өз бағдарламаларын әзірлеу және қабылдау ұсынылсын. 
      3. Қазақстанның Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тоқсан сайын екінші деңгейдегі банктер жүргізіп отырған, әйелдердің қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмыс туралы ақпаратты қорытсын және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Отдельные вопросы развития предпринимательства с участием женщин Казахстана

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 1998 года N 1323. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2008 года N 381.

       Сноска. Постановление Правительства РК от 23 декабря 1998 года N 1323 утратило силу постановлением Правительства РК от 23.04.2008  N 381 .

      В целях социальной поддержки и развития предпринимательства с участием женщин Казахстана Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Агентству Республики Казахстан по поддержке малого бизнеса: 
      предусмотреть в разрабатываемой Государственной программе развития и поддержки малого предпринимательства в Республике Казахстан на 1999-2000 годы специальный раздел мероприятий по организации и поддержке предпринимательских структур с преобладающим участием женщин; 
      ежеквартально информировать Правительство Республики Казахстан о ходе развития предпринимательства с участием женщин. 
      2. Рекомендовать банкам второго уровня разработать и принять собственные программы по кредитованию проектов предпринимательства с участием женщин, а также проведения необходимых консультационных услуг. 
      3. Национальному Банку Казахстана (по согласованию) ежеквартально обобщать информацию о проводимой банками второго уровня работе по развитию предпринимательства с участием женщин и представлять ее в Правительство Республики Казахстан. 
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 
 

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан