Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Алматы облысының әкімі:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасына берілген ГАЗ-31029 автомобильдеріне айырбас ретінде 39713 (отыз тоғыз мың жеті жүз он үш) тонна мөлшерінде астық жеткізу немесе астықтың тиісті көлемінің толық жеткізілмеуінен келтірілген шығындарды өтеу жолымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының 1996 жылғы 3 қазандағы N С-1/15-96 шешімін орындауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
2) толық жеткізілмеген астықтың құнын дәнді дақылдардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген шешімі шығарылған күні белгіленген орташа өлшемді бағасының, шын мәнісінде Ресей Федерациясына берілген дәнді дақылдардың түр-түрі мен сапасының (тиісті үлестерде) негізінде анықтасын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің резерв қоры қаражатының есебінен 7050 (жеті мың елу) теңгеге
баламды Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің 1500000 (бір миллион бес жүз
мың) есеп айырысу билеттері сомасында іс бойынша сот шегерімдерін төлейтін
болсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Нарбаев Е.