Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы
қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қосымша Келісімді бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы
Қосымша Келісімді бекіту туралы
1998 жылғы 4 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қытай
Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы
Қосымша Келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық
Республикасы арасындағы қазақстан-қытай
мемлекеттік шекарасы туралы
қосымша келісім
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы (бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар деп аталатын") 1994 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің 3-бабына сәйкес Қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасының он бесінші және он алтыншы, қырық сегізінші және қырық тоғызыншы шекара нүктелерінің арасындағы келісілген сызығының өтуін дәлдеу және анықтау мақсатында және жоғарыда аталған Келісімге қосымша ретінде төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 26-сәуірдегі келісімнің 2-бабында суреттелген Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара сызығы он бесінші шекара нүктесінен аты жоқ жотаның қырқасымен оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытта 2741, 2499 және 2355 белгілері бар биіктіктер, 2108 белгісі бар Чоган-обо (Тоқжайлау) асуы арқылы 15/1 шекара нүктесіне дейін келеді. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 2109 белгісі бар биіктіктен оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1.7 км және Қытай аумағындағы 2117 белгісі бар биіктіктен батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1.8 км және Қытай аумағындағы 2171 белгісі бар биіктіктен шығыссолтүстік-шығысқа қарай шамамен 1.8 км қашықтықта 2128 белгісі бар биіктікте жоғарыда аталған жотаның қырқасында орналасқан.
15/1 шекара нүктесінен мемлекеттік шекараның сызығы жоғарыда аталған жотаның қырқасымен батыс-солтүстік-батыс-бағытында жүреді, сосын бұрылады және 2218 белгісі бар биіктік, Табан-Сала асуы, 2282 және 2344 белгілері бар биіктіктер арқылы 15/2 шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 2491 белгісі бар биіктіктен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 2.9 км және Қазақстан аумағындағы 2123 белгісі бар биіктіктен оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 2.9 км және Қытай аумағындағы 2382 белгісі бар биіктіктен солтүстік-батысқа қарай шамамен 2.4 км қашықтықта 2356 белгісі бар биіктікте жоғарыда аталған жотаның қырқасында орналасқан.
15/2 шекара нүктесінен мемлекеттік шекараның сызығы жоғарыда аталған жотаның қырқасымен 2367 және 2465 белгілері бар биіктіктер арқылы оңтүстік бағытта 2525 белгісі бар биіктікке дейін келеді, сосын бұрылады және 2541 және 2550 белгілері бар биіктіктер арқылы батысқа қарай Чоган-обо (Тебук жотасы) қырқасымен 2596 белгісі бар биіктікке дейін келеді, одан әрі бұрылады және 2548 белгісі бар биіктік арқылы оңтүстік-батысқа қарай 15/3 шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 2467 белгісі бар биіктіктен шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 1.0 км және Қазақстан аумағындағы 2587 белгісі бар биіктіктен оңтүстік-оңтүстік- батысқа қарай шамамен 1.9 км және Қытай аумағындағы 2053 белгісі бар биіктіктен солтүстік-батысқа қарай шамамен 2.6 км қашықтықта 2503 белгісімен Тебук тауында орналасқан.
15/3 шекара нүктесінен мемлекеттік шекараның сызығы аты жоқ жотаның қырқасымен, алдымен оңтүстікке қарай 2131 белгісі бар биіктік, 2013 белгісі бар Кереген-тас асуы, 2030 белгісі бар биіктік арқылы 2046 белгісі бар биіктікке дейін келеді, сосын бұрылады және 2044, 2045, 2035 және 2021 белгілері бар биіктіктер арқылы жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында 15/4 шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 2012 белгісі бар биіктіктен оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1.0 км және Қытай аумағындағы 2016 белгісі бар биіктіктен батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 2.1 км, және Қытай аумағындағы 2055 белгісі бар биіктіктен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 1.1 км қашықтықта 2047 белгісі бар биіктікте жоғарыда аталған жотаның қырқасында орналасқан.
15/4 шекара нүктесінен мемлекеттік шекараның сызығы аты жоқ тау сілемінің қырқасымен солтүстік-батысқа қарай 2036, 2029, 2002, 1968 және 1915 белгілері бар биіктіктер арқылы 1916 белгісі бар биіктікке дейін келеді, сосын бұрылады және солтүстікке қарай 1830 белгісі бар биіктік арқылы 15/5 шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1729 белгісі бар биіктіктен оңтүстікке қарай шамамен 1.5 км және Қазақстан аумағындағы 1855 белгісі бар биіктіктен батысқа қарай шамамен 1.0 км және Қытай аумағындағы 2014 белгісі бар биіктіктен шығыс- солтүстік-шығысқа қарай шамамен 2.0 км қашықтықта шамамен Х=5203450, Y=15337180 координаттары бар Талдыайрық өзені су ағынының ортадағы сызығында орналасқан.
15/5 шекара нүктесінен мемлекеттік шекараның сызығы 1837, 1889 және 1936 белгілері бар биіктіктер арқылы батыс-солтүстік-батыс бағытында аты жоқ тау сілемінің қырқасымен 15/6 шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1927 белгісі бар биіктіктен оңтүстік- оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1.5 км және Қытай аумағындағы 2011 белгісі бар биіктіктен шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 1.7 км және Қытай аумағындағы 2003 белгісі бар биіктіктен шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 1.2 км қашықтықтар 1988 белгісімен биіктікте Мынкозылгал тауының қырқасында орналасқан.
15/6 шекара нүктесінен мемлекеттік шекараның сызығы 1947, 1964, 1957, 1925 және 1687 белгілері бар биіктіктер арқылы солтүстік-батыс бағытта Мынкозылгал тауының қырқасымен 15/7 шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1416 белгісі бар жолдардың қиылысатын нүктесінен оңтүстік-оңтүстік шығысқа қарай шамамен 2.4 км және Қазақстан аумағындағы 1847 белгісі бар биіктіктен солтүстік-батысқа қарай шамамен
2.8 км және Қытай аумағындағы 1621 белгісі бар биіктіктен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 1.1 км қашықтықта шамамен Х=5210270, Y=15329620 координаттары бар нүктеде орналасқан.
15/7 шекара нүктесінен мемлекеттік шекара сызығы батыс бағытында 15/8 шекара нүктесіне дейін тікелей созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1416 белгісі бар жолдардың қиылысатын нүктесінен оңтүстік- батысқа қарай шамамен 2.6 км және Қытай аумағындағы 1621 белгісі бар биіктіктен батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 2.1 км және Қытай аумағындағы 1661 белгісі бар биіктіктен шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 1.7 км қашықтықта шамамен Х=5210450, Y=15326950 координаттары бар нүктеде орналасқан.
15/8 шекара нүктесінен мемлекеттік шекара сызығы 1659 және 1766 белгілері бар биіктіктер арқылы жалпы батыс бағытта аты жоқ жотаның қырқасымен Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің 1994 жылғы 26-сәуірдегі келісімде суреттелген он алтыншы шекара нүктесіне дейін созылады.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара сызығы Қазақстан Республикасы мен Қытай Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің 1994 жылғы 26-сәуірдегі келісімде суреттелген қырық сегізінші шекара нүктесінен 1927 белгісі бар аты жоқ асуға дейін 2013 белгісі бар биіктік арқылы алдымен солтүстік-солтүстік-батыс бағытта аты жоқ жотаның қырқасымен өтеді, сосын солтүстікке қарай жоғарыда аталған жотаның қырқасымен 48/1 шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1723 белгісі бар биіктіктен оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.2 км және Қазақстан аумағындағы 2108 белгісі бар биіктіктен батыс-оңтүстік батысқа қарай шамамен 1.2 км және Қытай аумағындағы 2063 белгісі бар биіктіктен шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 2.3 км қашықтықта 2229 белгісі бар биіктікте Алатау жотасының қырқасында орналасқан.
48/1 шекара нүктесінен мемлекеттік шекара сызығы 2095 және 2092 белгілері бар биіктіктер арқылы жалпы батыс-солтүстік-батыс бағытта Алатау жотасының қырқасымен 48/2 шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1843 белгісі бар жолдардың қиылысатын нүктесінен оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 1.3 км және Қазақстан аумағындағы 1995 белгісі бар биіктіктен батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 0.9 км және Қытай аумағындағы 2005 белгісі бар биіктіктен солтүстікке қарай шамамен 1.8 км қашықтықта шамамен Х=5013800, Y=14582000 координаттары бар жоғарыда аталған жотаның қырқасында ойпатта орналасқан.
48/2 шекара нүктесінен мемлекеттік шекара сызығы 2207 белгісі бар биіктік арқылы жалпы оңтүстік-батыс бағытта Алатау жотасының қырқасымен 48/3 шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1843 белгісі бар жолдардың қиылысатын нүктесінен оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 3.1 км және Қытай аумағындағы 2005 белгісі бар биіктіктен батысқа қарай шамамен 1.7 км және Қытай аумағындағы 2133 белгісі бар биіктіктен солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 1.2 км қашықтықта 2386 белгісі бар биіктікте жоғарыда аталған жотаның қырқасында орналасқан.
48/3 шекара нүктесінен мемлекеттік шекара сызығы 2436 белгісі бар биіктік, 1910 белгісі бар аты жоқ асу, 2187 және 1967 белгісі бар биіктіктер арқылы батысқа қарай аты жоқ жота қырқасымен 48/4 шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1664 белгісі бар биіктіктен оңтүстікке қарай шамамен 0.5 км және Қытай аумағындағы 1921 белгісі бар биіктіктен батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 1.6 км және Қытай аумағындағы 1911 белгісі бар биіктіктен солтүстікке қарай шамамен 1.0 км қашықтықта 1490 белгісі бар Сарышілде (Жүнқабысын) және Жаманты өзендерінің су ағындарының ортадағы сызықтары қиылысатын нүктесінде немесе олардың басты салаларының ортадағы сызықтарында орналасқан.
48/4 шекара нүктесінен мемлекеттік шекара сызығы Сарышілде (Жүнқабысын) өзені су ағынының ортадағы сызықтары бойынша ағысты өрлеп жоғары қарай немесе оның басты саласының ортадағы сызықтары бойынша солтүстік-батысқа қарай 48/5 шекара нүктесіне дейін өтеді. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 2627 белгісі бар биіктіктен батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 3.1 км және Қытай аумағындағы 3007 белгісі бар биіктіктен солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 2.6 км және Қытай аумағындағы 2923 белгісі бар биіктіктен оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 1.5 км қашықтықта Жылыгүл өзенінің және аты жоқ өзеннің су ағындарының ортадағы сызықтарының немесе олардың басты салаларының ортадағы сызықтарының 2235 белгісі бар қиылысатын нүктеде орналасқан.
48/5 шекара нүктесінен мемлекеттік шекара сызығы 2804 белгісі бар екі аты жоқ өзендердің су ағындарының ортадағы сызықтары немесе олардың басты салаларының ортадағы сызықтары қиылысатын нүкте арқылы солтүстік-солтүстік батысқа қарай аты жоқ өзеннің су ағынының ортадағы сызығы немесе оның басты саласының ортадағы сызығы бойынша өрлеп жоғары қарай өтеді, сосын әлгі аты жоқ өзендердің солтүстігіндегі өзеннің су ағынының ортадағы сызығы немесе оның басты саласының ортадағы сызығы бойынша ағысты өрлеп жоғарыға, осы өзеннің бастауына дейін солтүстік-батысқа қарай және осы жерден мемлекеттік шекара сызығы солтүстік-батыс бағытта аты жоқ жыраның арнасымен 48/6 шекара нүктесіне дейін жоғары өрлеп созылады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 2905 белгісі бар биіктіктен шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.3 км және Қазақстан аумағындағы 3534 белгісі бар биіктіктен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 0.6 км және Қытай аумағындағы 3325 белгісі бар биіктіктен солтүстік-батысқа қарай шамамен 2.5 км қашықтықта ойпатта Жоңғар Алатауы (Алатау жотасы) жотасының қырқасында орналасқан.
48/6 шекара нүктесінен мемлекеттік шекара сызығы 3537, 3702, 3470 және 3670 белгісі бар биіктіктер арқылы жалпы оңтүстік-батыс бағытында Жоңғар Алатауы (Алатау жотасы) жотасының қырқасымен Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 26-сәуірдегі келісімде суреттелген қырық тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылады.
Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғарыда сипатталған мемлекеттік шекара сызығы бірлесіп жасалған 1:50000 көлемдегі карталарда қызыл түспен түсірілген. Мемлекеттік шекара сызығын сипаттауда аталған барлық қашықтықтар мен координаттар осы карталар бойынша өлшенген.
Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара сызығы қызыл түспен түсірілген, жоғарыда аталған карталар осы Келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігін құрайды.
2-бап
Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 36 сәуірдегі келісімнің 1,4,5,6,7 және 8-баптарының ережелері осы Келісімге қатысты да қолданылады деп келісті.
3-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті
мемлекеттік ішкі процедураларды олардың әрқайсысы орындағандығы туралы
бір-бірін жазбаша түрде өзара хабардар етеді.
Осы Келісім осындай жазбаша хабарландырудың соңғысы түскен күннен
бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Алматы қаласында 1998 жылғы 4 шілдеде екі дана болып,
әрқайсысы қазақ, орыс және қытай тілдерінде жасалды. Осы Келісімді
түсіндіруде пікір алшақтықтары туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар
орыс және қытай тілдеріндегі мәтіндерді негізге алатын болады.
Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасы
үшін үшін
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Нарбаев Е.