Қазақстан Республикасының Түркменстандағы Мәдениет күндерін өткізумен
байланысты шығыстарды өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігі Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Мәдениет күндерін
өткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді 1998 жылға арналған бюджетте "Демалысты
ұйымдастыру және мәдениет саласындағы қызмет" деген 08 функционалдық топ
бойынша көзделген қаражат шегінде жүргізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Нарбаев Е.